Білімді информатик

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар және оқушылар! Бүгінгі «Білімді информатик» атты сайысымызға қош келіпсіздер!.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе, жеңілседе қалма жасып.

Сіздермен бірлесе отырып «Білімді информатик» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Өмірге өзек болған нақты ғылым
Әлемге ақпараттың шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің,
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын
Бүгінгі кеште өз білімдерімен сайысқа түскелі келіп отырған сайыскерлерімізді таныстырып өтелік.

  1. Кырымкереева Ақерке
  2. Рысмаганбетов Бексұлтан
  3. Умирбаева Гулжайна
  4. Бекмаганбетов Берік
  5. Орынғали Мадина
  6. Құдайберген Аян
  7. Жиенғалиева Сағыныш
  8. Алпысбай Нұрсәт
  9. Жаулыбай Іңкәр
  10. Есқожин Тимур
  11. Шитанова Рита
  12. Амантаева Әсем

Ойынымызды бастамас бұрын әділ қазы алқаларымен танысытра кетелік.

Әділқазы алқалары:

Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады.

1 ші тур – «Бәйге»

2 ші тур – «Полиглот»

3 ші тур – «Ғажайып алаңы»

4-ші тур – «Дешифратор»

5-ші тур – «Жорға»

1 ші тур «Бәйге» Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ 15 сұрақ беріледі. (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі). Ойын соңында ұпайы аз 2 ойыншы ойыннан шығарылады.

1. Аталған байттар тізбегі? (файл)

2. Windows жұмыс атқара алатын барлық мүмкіндігі? (объект)

3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

5. Бір жолға канша оператор жазуға болады? (256)

6. Ақпартты енгізуге арналған құрылғы? (пернетакта)

7. Компьютердің ақыл –ойы? (процессор)

8. Мәтін дегеніміз не? (жолдар тізбегі)

9. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)

10. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел)

11. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)

12. 1 Кбайт қанша байтқа тең? (1024 байт)

13. Адам көзі мен манитор арасындағы қашықтық қанша болуы керек? (60-70 см)

14. Мәліметтерді тасмалдау құралдарының бірі – (диск).

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.14 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 122

Похожие материалы