Білімділер сайысы 4 сыныптар
| Предмет: | Начальные классы |
|---|---|
| Категория материала: | Презентации |
| Автор: |
Жусипова Сандугаш Жаксылыковна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Тақырыбы: «Білім жанған шырағың»
Мақсаты: Сайысты қызықты ұйымдастыру
а) білімділік:
Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету.Пәндерден алған білімдерін сайысқа сала отырып саралау.
ә) дамытушылық :
Ойлау қабілетін дамыту. Білімді, дарынды болуға жетелеу.Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып. Тіл байлығын дамыту.
б) тәрбиелік :
Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, өзгені тыңдап, топпен пікірлесуге, озық болуға тәрбиелеу. Шығармашылыққа баулу.
Барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар!! Бүгін 4 сынып оқушыларының арасында «білім жанған шырағың» - атты зияткерлік әдеби білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа 3 сыныптан 3 топ құрылып өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше, сайысқа түсетін топпен танысайық.
а)Топтармен таныстыру:
«Білгірлер», «Үздіктер», «Тапқырлар» тобы. Ұрандарын айтып өздерін таныстырады.
ә) Әділқазылар мүшелерімен таныстыру
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің орындары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- деп отыра әділқазы мүшелерін таныстыру.
б) Сайыс шартарымен таныстыру
Сайыс 7 айналымнан тұрады. Әр айналым жеке бағаланады. 1-ші айналым «Білгенге маржан», 2-ші айналым «Кім тапқыр», 3-ші айналым «Тіл өнер»,
4-ші айналым «Төрт жұмбақ», 5-ші айналым «Ұлылардың көзі, Жүрегімде сөзі», 6-шы айналым «Оқығаным есімде», 7-ші айналым «Ертегілер елінде» шығармашылық тапсырма.
| Тип материала: | Презентация PowerPoint (ppt) |
|---|---|
| Размер: | 2,73 МБ |
| Количество скачиваний: | 184 |