Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. (8 сынып)
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Наурзбаева Мейрамгуль Булатовна
|
Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қасиеттері туралы білімдерін тереңдету; адамның қаңқа бұлшық еттерінің құрлысымен қызыметіндегі ерекшеліктерді анықтау. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Тақырып бойынша ой-өрістерін, ойлау жылдамдықтарын дамыту.
Тәрбиелілік: Ізденімпаздыққа, шапшандыққа, бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Көпір» тапсырмалары, көрнекі көрсетілім, «Кім жылдам?», «Ойлан, жұптас, бөліс», т.б.
Құрал-жабдықтар: «Бұлшық ет жүйесі», «Адам қаңқасы» кестелері, бұлшық ет ұлпаларының муляждары
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбері. «Амандасу» тренингі. 1 минут
2. Топқа бөлу. Туған айларына байланысты бөліну.
І топ: қыс-күз айлары
ІІ топ: жаз айлары
ІІІ топ.көктем айлары
3. Бағалау өлшемдерімен тарату 0,5 минут
Білу
-4 ұпай
Түсіну -5 ұпай
Қолдану -4 ұпай
Талдау -5 ұпай
Жинақтау -3 ұпай
Жалпы ұпай
21-18 ұпай- «5» 17-15 ұпай-«4» 14-10 ұпай-«3»
І. Білу.
1.Үй тапсырмасын сұрау. «Көпір» тапсырмалары. А. Жеке жұмыс 6 минут
1. Сүйектердің байланысу түрлерін ата.
2. Сүйектердің жіктелуін ата.
3. Қаңқа қандай қызмет атқарады?
4. Ми бөлімінің сүйектерін атаңдар. Бас сүйектің қандай сүйектері қозғалмалы байланысқан?
5. Омыртқа жотасының қандай иілімдері бар және олар қандай қызмет атқарады?
6. Қандай сүйектер кеуде қуысын құрайды?
7. Сүйек қандай заттардан түзілген?
8. Түтік тәрізді сүйектердің құрылысының жалпақ сүйек құрылысынан ерекшелігі неде?
9. Жік арқылы байланысудың ерекшелігі неде?
10. Сүйектердің қозғалмалы байланысуының жартылай қозғалмалы байланыстан ерекшелігі неде?
11. Байламдардың созылуын қандай белгілері бойынша анықтауға болады?
12. Сүйек шығу белгілері қандай?
13. Омыртқа жотасы, бас сүйегі, кеуде қуысы сүйектері сынған кезде қандай сақтық шараларын сақтау керек?
14. Сіңір созылғанда қысатын таңғышты қалай салады?
15. Білек, иық, тізе, санға шина салу әрекетін түсіндір?
В. Көрнекі көрсетілім. 6 минут
Тақтай, шендеуіш, орамал арқылы алғашқы көмек жасап көрсету.
І топ: Сіңір созылғанда
ІІ топ: Сүйек сынғанда.
ІІІ топ: Буын шыққанда
ІІ. Түсіну кезеңі. 10 минут
2. Жаңа сабақ: Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы.
Бұлшық ет: Кеңістіктегі қозғалысын басқарып,тепе-теңдіті сақтайды,әр түрлі қозғалысты пайда етеді,ішкі мүшелердің барлық жұмыстарын,ас қорыту,қан айналу,зәр шығару,ішкі секреция бездерінің жұмыс істеуіне көмектеседі,жұтыну,дауыстың шығуы,көздің қозғалуы,жоғарғы жақ қозғалысын басқарады,суйектермен бірлесіп,денеге пішін беріп,ьік ұстап тұрады,кеуде қуысын құрайтын қабырға аралық бұлшық еттер көк ет, тыныс алуды басқарады.
І топ: Бұлшық еттердің маңызы
ІІ топ: Бұлшық еттің құрылысы
ІІІ топ: Бұлшық еттердің негізгі топтары
Слайдпен жұмыс:
Бұлшық еттердің құрылысы:бұлшық ет борпылдақ,тығыз дәнекер ұлпасынан түзіледі,жиырылғыш қасиеті бар,қан тамырларнан,жүйке тамырларынан тұрады.
Бұлшық еттер: біріңғайлы салалы
көлденең жолақты.
Бас және мойын бұлшық еттері.
Тұлғаның бұлшық еттері – арқаның, көкіректің, құрсақтың – арқаның, көкіректің, құрсақтың бұлшық еттері.
Көкіректің бұлшық еттері – сыртқы және ішкі қабырғааралық бұлшықеттер, көкет.
Құрсақтың бұлшықеттері – алдыңғы тіс тәрізді, сыртқы және ішкі қиғаш, тік ж.т.б. бұлшықеттер жатады.
Қолдың бұлшықеттері – иық белдеуі және қол бұлшық еттері – екі басты, үш басты.
Аяқтың бұлшықеттері – жамбас белдеуі және аяқтың – санның, балтырдың, табанның бұлшықеттер
ІІІ. Қолдану. А. Кім жылдам? 3 минут
В. Топтық жұмыс. 5 минут
І топ: «Дене бұлшық еттері» бұлшық еттің негізгі бөліктерін атау.
ІІ топ: Сәйкестігін анықтау. Оқулық 95 бет.
ІІІ топ: Кестені толтыру. Бұлшық еттердің негізгі топтары. Оқулық 95 бет.
Сергіту сәті: Жұмыр қылыш биі. 1,5 минут
ІҮ. Талдау. 4 минут
«Жұптас-ойлан-бөліс» стратегиясы бойынша «Бүкіл ағзадағы тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі» тақырыбына диалог құрастыру
Ү. Жинақтау.
FILA кестесін толтыру. 5 минут
фактілер
идеялар
сұрақтар
Әрекет жоспары
ҮІ. Қорытынды. Кері байланыс: 1 минут
Тақтаға чемодан, еттартқыш, себет ілінеді. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріне қарай суретті таңдайды.
Алған білімім болашақта қажет .
Алған білімімді жинақтап, қорытамын, електен өткіземін.
Алған білімімді қажет етпеймін.
ҮІІ.Оқушылардың білімін бағалау. Бағалау бетшесін ескере отырып бағалау. 1 минут
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. 1 минут
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 79.02 Kb |
Количество скачиваний: | 94 |