"Бәрі де татулықтан басталады"

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

                                 «Бәрі де татулықтан басталады»

(Көңілді музыкамен балалар  залға кіреді де орындықтардың жанына тұрады).

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен бүлдіршіндер! Біздің

Қазақстан Халықтарының бірлігі мен ынтымақтастық күніне орай өткізіліп отырған «Бәрі де татулықтан басталады» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Ән: «Ақ көгершін»

(балалар орындықтарға отырады)

(Осы уақытта музыка әуенімен Көбелек ұшып келеді)

Көбелек: Ммм, мына гүлдердің иісін – ай! Қандай керемет! Қайсы гүлге қонсам екен, а? Қызыл гүлге ма, әлде сары гүлге ма?

(балаларға қарап)

Сәлеметсіңдер ме?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Сіз қайдан жүрсіз?

Көбелек: Мені таныдыңдар ма?

Жүргізуші: Әрине таныдық. Көбелек, сіз қайдан ұшып келе жатырсыз?

Көбелек: Мен алыс-алыс елдерді көріп ұшып келе жатырмын.

Жүргізуші: Мұнда қайдан жүрсіз?

Көбелек: Өзіме гүл іздеп жүр едім.

Жүргізуші: Көбелек, сіз бізбен бірге қалыңыз. Бізде бүгін мереке.

Көбелек: Қандай мереке?

Жүргізуші: Достық мерекесі. Бізбен бірге мерекені тойлаңыз.

Ал, олай болса қымбатты қонақтар, біздің балалардың биін тамашалаңыздар!

Би: «Домбыра»

(Музыка әуенімен Буратино шығады)

(қолындағы көбелек ұстайтынымен көбелекті қуады)

Көбелек (ұшып жүріп): Ой! Мына бала қайтеді-ей! Ұстама мені! Ұстама! Мені не істейсің?

Буратино: Ап, бәлем! Ұсталдың ба?

Жүргізуші: Балалар, қараңдар. Бұл Буратино ғой. Сен қайдан жүрсің?

Буратино: Мен көбелек аулап жүрмін.

Жүргізуші: Буратино Көбелекті жібер, ұстама! Қайтесің оны! Кел одан да, бізбен бірге мерекені тойлат!

Буратино: Қандай мереке? Мен ешқандай мерекені білмеймін.

Жүргізуші: Бүгін бізде достық, бейбітшілік мерекесі. Бұл мерекеде ренжісуге болмайды. Қазақ халқында жақсы мақал бар: «Бейбітшілік іздесең – дос ізде» деген.

Біздің досымыз бол.

Буратино: Достық мерекесііі.

Көбелек: Ия, ия Буратино ренжісуге болмайды. Одан да кел, бәріміз бірге мерекені жалғастырайық.

Жүргізуші: Буратино біздің балалармен бірге ойын ойнайсың ба?

Көбелек: Буратино мені жібер бәріміз балалармен бірге ойын ойнайық.

Буратино: Жарайды, қоймадыңдар ғой. Ойнасам ойнайын.

Ұша ғой (деп Көбелекті жібере салады)

Жүргізуші: Балалар, келіңдер. Бәріміз бірге өзбек халқының ұлттық

«Икки киши бир чопонда» «Екі кісі бір шапанда» ойынын ойнайық.

Ойын: «Икки киши бир чопонда» «Екі кісі бір шапанда»

Ойын шарты: Балалар 2 командаға бөлінеді. 2-3 метр арақашықтықта бағдар тұр, оны айналып өту керек. Әр командада бір шапаннан. Ойынның мәні мынада, әрбір командадағы балалар екі-екіден жүгіруі керек: бір шапанмен, екі жеңін де қолдарына киіп.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Буратино: Қандай жақсы ойын. Жарайсыңдар, балалар! Маған ұнады. Мен сендердің достарың болуға келісемін.

Көбелек: Сен дұрыс жасадың, Буратино. Айттық қой, бізбен дос бол деп.

Буратино: Балалар, сендердің тағы да қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Буратино біздің балалармен қосылып   ән айтасың ба?

Буратино: Әрине, айтамын.

Көбелек: Балалар, қане бәріміз бірге «Дос болайық бәріміз» әнін орындайық.

Ән: «Дос болайық бәріміз»

Буратино: Сендер әнді қалай  жақсы айтасыңдар.

Жүргізуші: Буратино сен өзбек халқы жөнінде білесің бе?Өзбек халқы өте көңілді халық, олар ән айтып, би билегенді жақсы көреді. Сондықтан біздің балаларымыз өзбек халқының биін билеп берсін.  Қане, балалар, би билеп берейік.

Би: «Өзбек» биі

Буратино: Ой, балалар, сендер ойынды да, биді де, әнді де жақсы айтады екенсіңдер!

Көбелек: Балалар, ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?

Буратино: Ия, ия, ойнайықшы.

Жүргізуші: Балалар, ойын ойнаймыз ба?

Балалар: Ия

Ойын: Белорусхалқының «Посади бульбу»  «Картопты отырғыз»

Ойын шарты: Балалар екі командаға бөлініп тұрады. Әрбір команданың алдында қарама – қарсы 2-3 метрлік арақашықтықта 2 шеңбер – «бақшалар» жатыр. Әрбір командада ішіне картоп салынған бір-бір себет бар (папье-машеден әкелінген картоп). Балалар кезек-кезек «бақшаға» жүгіреді де, ол жерге бір-бір картоптан отырғызады (шеңбердің ішіне салады).Кімнің командасы бүкіл картопты тезірек отырғызса, сол команда жеңіске жетеді.

Көбелек: Жарайсыңдар, балалар!

Жүргізуші: Балалар, енді бәріміз бірге орнымыздан тұрып ән айтайық.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Буратино: Өздерің өнерлі балалар екенсіңдер. Сендер сияқты достар тапқаныма қуаныштымын. Мен енді бұзық болмаймын.

Көбелек: Буратино дұрыс айтады. Мен де сендер сияқты достарым барына қуанамын. Мына менің сыйлығым. Ала қойыңдар (деп сыйлық таратады).

Жүргізуші: Балалар не деуіміз керек?

Балалар: Рахмет!

Жүргізуші: Осымен, біздің «Бәрі де татулықтан басталады» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 46.55 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 159

Похожие материалы