«Бір шаңырақ астында» әдебиет пәнінен жоспар

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Атырау қаласы                                                                                                                                 Дамбы селосы                                                                                                                          Амангелді орта мектебі                                                                                                                  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Жанатаева Айымгүл Бағыбергенқызы   Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында»

 

 

1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты ұстаздар мен оқушылар!                                                              

                            Жанымды жадыратқан бала тілім,

                            Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,

                            Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

                            Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.

 

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі.

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады.

Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар Тіл мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында» атты сынып  сағатымызды бастаймыз. Сіздердің алдарыңызда сыныбымызда оқитын әртүрлі ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетеді.

Қазақстанда тұратын барлық  ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. «Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді».Олай болса ,ең алдымен келген қонақтарымыз өздерін таныстырып өтсе.

Бүгін бізде дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Бүгінгі күн таныды әлем

Қазағымның кім екенін.

Мақтанышпен мен өзіңді

Ән етемін жыр етемін.- деп ортаға қазақ ұлтын шақырамыз (өзін таныстырады)

 

Кімдержүйрікөнерпазбілейікші

Біздіңелдетұрадыдепжүрейікші

Құрметтікөрермендітәнтіеткен

Кәрісұлтынқарсыалыпкөрейікші (өзінтаныстырады)

Цыган  біздің ұлтымыз

Биікке ұшу - мақсатпенен ойымыз

Біз бақытты тау елінің өрені

Бейбіт елде өмір сүрген халықпыз (өзін таныстырады)

1-жүргізуші

Барша халық таныған

Біздің үміт, тілекті

Ән бастайды өнермен

Орыс  ұлты көрермен (өзін таныстырады)

2-жүргізуші

Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз  өзбек ұлтын ортаға шақырамыз

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші

Біздің елде тұрады деп жүрейікші

Құрметті көрерменді тәнті еткен

Үнді  ұлтын қарсы алып көрейікші (өзін таныстырады)

 

Жүр барайық, ашайық ән арнасын,

Жырау толғап домбырасын қолға алсын,

Дастархандар көзді тартып жайнасын,

Қыпша белді қыздар биден таймасын.                                                                    Ортаға қыздарымыздың  өз халқының биін тамашалауға шақырамыз

 

 

Кейінгіге мирас болды салт-дәстүрің

Ақтарылдың, ақ жарылдың, ашылдың.

Салт-дәстүрін дәріптеп өз ұлтымның

Көрсетемін, қастерлеп бүгінгі күн,

Дей отыра ұлттық тағамдарын ұсынамыз

Ұлттық тағамдарыңыздың қалай жасалатынын айтып кетсеңіздер.

Ортаға барлық ұлттарымызды  «Қара жорға» биіне шақырамыз

 

Құрметті ұстаздар ,оқушылар Тіл мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында» атты тәрбиелік шарамызға келгендеріңізге коп рахмет

Мереке соңында оқушылар мен мұғалімдер  алғыс білдіреді.

Іс-шараға белсенділікпен қатысқан ұлттарға рахмет

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 787.26 Kb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 53

Похожие материалы