Бір суреттің тарихы

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Бір суреттің тарихы

А.М.Бекбергенов- мұрағатшы,тарих магистранты ІІ курс.№3 мектеп-интернаты.

Биыл тарих сахнасына 2015 жыл Ұлы отан соғысы жеңісінің 70 жылдығы ТМД шеңберінде ауқымды іс-шаралар мен аталып өтпек.Соғыстың тірі куәгерлерінің саны жыл санап кеміп келеді.Бұл жеңіс милиондаған боздақтар отан алдындағы борышын өтеу жолында құрбан болды.Тылдағы аналар мен балалардың жанқиярлық еңбегі арқасында жеңіс күнін біртабан жақындатты.Мен өзім туып-өскен Жаңақорған ауданы,Бірлік ауылынан да Ұлы отан соғысына (1941-1945 ж.ж) 227 адам қатысып,оның 107-і майдан даласында опат болған.Соғыс қарсаңында «Бірлік» колхозы үлгілі ұжымдардың бірі болды.Ортақ отанымызға жау тап берген 41 жылдың 22 маусымы болса,27 маусым күні колхоз орталығынан30 шақты азаматты салтанатты жағдайда,майданға шығарып салған.

Мен соғысқа қатысқан аталарымыздың бірнешесінің үйінде болдым.Көбінің қолында әкелерінің қайтыс болған жерін нақтылайтын хат немесе анықтамалары жоқ.Бәрінің көкейіндегі бір арман әкелерінің жатқан жеріне барып,бір уыс топырақ салу екенін аңғардым.Келесі барғаным ауыл тарихын зерделеп жазып жүрген ардагер-ұстаз Әділханов Әметхан ағайымның үйі болды.Келген мақсатымды айтқанымда,ол кісі ризашылықпен осы суретті көрсетті.Ауылдан соғысқа аттанған бір топ азаматтар.Сурет 1943 жылдың 20 наурызындаЖаңақорған әскери комиссаратында түсірілген.(1-сурет) Суреттегі азаматтар: Солдан оңға қарай:Жоғарыда

1.Әлібеков Сатыпалды,2.Мұратбаев Махамбет,3.Мырзабеков Мырзат,4.Қожатов Еркінбек, ортада: 5.Ділімбетов Әлішер,6,Бүркітбаев Бедел,7.Мырзабекова Оразкүл,(шығарып салушы)8.Қариев Мұхамедия,9.Байдүйсенов Сейітхан,алдында отырғандар:10.Пахырдинов Ахмедия,11.Егембердиев Ғайыс.(кісілерді нақтылаудан қателесуіміз мүмкін)

Осы 18-19 жасар 10 жігіттің тең жарымы соғыстан қайтпай қалды.Осы суретке түскен ардагер-ұстаз Байдүйсенов Сейітхан атамызды аз-кем сөзге тарттым.(2-сурет) сөзбе-сөз:

-Ешқашан елімізде соғыс болмасын. Мен 6 ай Ақмола қаласындағы әскери дайындықтан өтіп,полктің барлаушылар бөліміне қабылданып, № 271 атқыштар дивизиясы құрамында Харьков, Житомир, Вилитьца қаларын азат еттік. Қызыл жұлдыз орденімен, 2-рет ерлігі үшін медалі мен және т.б.мерекелік медальдармен марапатталдым.Фотосуреттегі бәріміз қазіргі Астана қаласына дейін бірге бардық. Әрі қарай бөлініп кеттік.Аман келгендеріміз мұғалім болып қызмет жасадық.Ғайыс жазушы,Сатыпалды Жаңақорғанда мұғалім болды. Ахмедия денсаулығына байланысты соғысқа кірген жоқ,қосалқы-шаруашылық бөлімінде болды-ау.Ал Махамбеттен 1945 жылдың 8 мамырында жазылған хат келді.Берлин де тұрмыз деп еді.Түнгі күзетте тұрғанда жазым қылған-ау.Ал хат 1950 жылы үйде өрт болғанда өртеніп кетті.Мен 43-жылдың наурыз айында кетіп,44-жылдың мамыр айында жараланып елге келдім.Мен барлаушы болдым.Барлауға кетіп қайтпай қалған жолдастарымыз болды.Немістер жауыз болды,қолға түскендерді қатты қинайды екен-деп сөзін аяқтады қарт жауынгер.

Тарихшы-мұғалімдер мүмкіншілігіне қарай,майдан даласынан қайтпай қалған жауынгерлер немесе тыл ардагерлерінің естеліктері мен хаттарын насихаттасақ,бұл да келешек ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің бір құралы болар еді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.9 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 119

Похожие материалы