«Біріңді бауыр, біріңді дос...».
Предмет:
|
Классному руководителю
|
Категория материала:
|
Конспекты
|
Автор:
|
Амирова Айнагуль Тасбулатовна
|
Здесь была ссылка на работу «Біріңді бауыр, біріңді дос...». автора Амирова Айнагуль Тасбулатовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: «Біріңді бауыр, біріңді дос...». Түрі: Танымдық, эстетикалық кеш Жас шамасы:14- 16жас Мақсаты: Оқушының өзіндік жүйелі дамуына әсер ету, эстетикалық көзқарастарын дамыту. Шын адал достыққа баулу. «Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін құрмет тұтуға баулу. Міндеті: Тәрбиеленушілердің логикалық ойлау қаблеттерін дамыту. Ой өрістері мен тіл байлықтарын дамыту. Көпшілік ортада ой-пікірін еркін жеткізіп, нақты дәлелді сөйлеуге үйрету. Ұлттық рухққа, жылдам шешім қабылдауға, тосыннан ой айтуға, алғырлыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қиылған сөздер Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру Релаксациялық жаттығу: « Жүрек үні... » Мақсаты: Тыныштықта өз жүректерінің соғысына құлақ түре отырып, сезім құшағына ену арқылы жүрек үнін тыңдай білулерін қамтамасыз ету, алақандардың айқасуы барысында бір-бірінің жылуын, жүректерінің үнін сезінуге, адамдарға деген бауырластық шынайы риясыз достық, туыстық, сүйіспеншілік, адалдық, сенім пейілдерінің пайда болуына ықпал ету. Мұғалім: Алдымен барлығымыз алақандарымызды тоғыстырып, бір бірімізге жалғасайық. Алақан жылуымызбен бәріміз бір бірімізге дос, бауырдай екендігімізді сезінейік. Енді өзіңізді ыңғайлы, қалыпты ұстаңыз да, терең тыныс алып осы күйімізде көзімізді жұмайық. Денеңізді босатыңыз. Тыныштыққа құлақ салыңыз. Өзіңіздің жүрек үнінізді тыңдап көріңіз.(1мин тыныштық) Енді сол қолыңызды жүрегіңізге қойып, жүрегіңіздің соғысын алақаныңызбен сезініп көріңіз.(Тағы да 1 минут тыныштық). Осы тұрған күйімізде көзімізді ашайық, қолымызды түсірмейміз. Енді жанымыздағы жанды ең жақын, ең қимас жандай сезініп, сол алақанымызды көршілес бауырымыздың оң алақанына қойып тұрып, жүрек жарды лебізімізді кезектесіп білдірейік. (бір-біріне тілектер айтылады). ІІ Негізгі бөлім. Рахмет балалар! Шынайы пейілмен айтылған тілектер тек періште құлағына жетсін деп тілейміз. Енді айтыңызшы адамның шын ықыласпен істеген іс әрекеттері қандай сезім тудырады?(оқушылар пікірі тыңдалады) Олай болса балалар, бүгінгі танымдық кешіміздің тақырыбын «Біріңді бауыр, біріңді дос...» деген атаумен алуды ұйғардық. Сабақ соңында неліктен бұлай алынғандығын әбден көз жеткізіп өзіңіз тұжырымдарсыз деген ниетпен, ары қарай жалғастырайық. Жаңа, балалар, сіздер бір-бірімізге деген тілекті жүректен шыққан махаббатпен айттық дедіңіз, олай болса ендігі орайда сіздердің замандастарыңыздың «Махаббат» туралы айтқан пікірлерін тыңдап көрелікші. Экранға назар аударалық.(экраннан шағын бейне түсірілім тамашаланады) Ендігі кезекте сіздердің пікіріңізше махаббаттың қандай түрлері болады екен? (Оқушылар пікірі тыңдала отырып тақтада «Махаббат» кластері құрастырылады) Олай болса махаббатты бірнеше түрге бөлуімізге болады екен. осы махаббаттың қайсысы сіздің бойыңызда бар? Бұл айтып отырғанымыз жай ғана сөз емес, айналамызды қоршап тұрған шынайы өмірден алынған қорытынды екендігінің дәлелі ретінде, экраннан келесі шағын бейне түсірілімдерді тамашалаңыздар. (экранда бірнеше бейне түсірілімдер көрсетіледі: Көрсетілген бейне түсірілімдерден алған оқушы әсері мен ой түйіндері ортаға салынып талданады.) 1. Махаббат адамның лауазымына, байлығына, жасына байланысты өзгеруі мүмкін бе? 2. Махаббат әрқашанда жақсылық әкеле ме? 3. Адам өз махаббатынан зиян шеге ме? 4. Махаббат қай уақытта жағымсыз қасиетке айналады? 5. Адамға махаббат қаншалықты қажет? 6. Махаббат сезімдеріне адал ғашықтарды есімізге түсіріп, атап өтінізші. (Оқушылардың айтқан пікірлері негізінде интерактивті тақтада суреттер топтамасы көрсетіліп, соңында схема түрінде махаббат түрлері топтастырылып қорытындыланады.) ІІІ Қорытынды бөлім. Балалар, кәне қолыңызды жүрегіңізге қойып қараңызшы, жүрегіңіз қалай соғып тұр, сабағымыздың басындағыдан өзгеріс бар ма? Ендеше, балалар, келесі кезекте бүгінгі кештен алған әсерлеріңізді ой елегінен бір өткізіп, жүрегіңізбен сараптап, баршамызға жүректеп шығып жүрекке жетер тілектер арнасаңыздар... Бұл бөлімімізді «Жүректен жүрекке...» деген айдармен аталық. (тақтада үлкен жүрек бейнесі тұрады, әр оқушы өз жүрекжарды лебізін білдіріп қолдарындағы кішкене жүрекшелерді айналасына іледі.) Рахмет балалар! Ендігі кезекте, орыс жазушысы Р.Рождественскийдің «Махаббат шуағы» өлең сөдерімен жинақтағым келіп тұр. Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді десек, бір-бірімізді қандай сезіммен қабылдауыиыз керек?(достық, бауырластық). Демек олай болса, анамызды сүйгендей айналамызды сүйіп, бауырымызды қамқорлағандай қамқорласақ, досты сыйлағандай сыйлап, қадірлей білсек өмір сүру мен өмірдің мәні өзгермей ме? Міне тақырыбымыздың да ұлы Абай сөзімен «Біріңді бауыр, біріңді дос...» деп алынуының себебі де осында. Бүгінгі кеш сідерге жүрек жылуын сыйлап өмірлеріңізге рухани азық болды деген үмітпен кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!!! Кештің соңы.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
19.92 Kb
|
Количество скачиваний:
|
13
|
Просмотров: 106
Похожие материалы