Здесь была ссылка на работу "Бұрымды қыз" автора Хасайнова Лунара Сериковна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: «Бұрымды қыз» Мақсаты: Ең шашы ұзын қызды анықтау. Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. шығармашылық-іскерлігін арттыру. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу. Ісмерліктерін байқау. Көрнекіліктер: «Бұрымды қыз», қанатты сөздер, шарлар,фото суреттер т.б. Сайыстың өту барысы: Әсем ән жіберу 1-жүргізуші: Армысыздар құрметті асыл жанды ұстаздар! 2-жүргізуші: Сайыскерлерді демей келген ата-аналар, оқушылар! 1-жүргізуші: Иә, көптен күткен көктем де келді, көктем мен бірге аналардың, қыз-келіншектердің мерекесі бірге келді десейші. 2-жүргізуші : Осындай жақсы мезгілдің бастауы болған құрметті аналар, қыз-қызғалдақтар сіздерді төл мерекелеріңізбен, гүл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! 1-жүргізуші: Осы байқау 5-6-7 сынып оқушы қыздар арасында: мектеп аруын анықтау мақсатында қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен «Бұрымды қыз » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! 2-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған, халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық! 1-жүргізуші: Аңқылдаған ақ көңілмен, Гүлдей жайнап әдемі қыз. Озамын деп нық сеніммен Шықты ортаға Гүлназым 2-жүргізуші: Шашы ұзын, көрікті қыз тағы бар, Қанеки бәрің бері қараңдар. Дидары атқан таңдай арайлы, Қарсы алайық бұрымды қыз Айымжанды 1-жүргізуші: Қара шашты, қос бұрымы жарасқан, Қыпша белі тал шыбықтай бұралған. Қарсы алайық Гүлнараны қошыметпен, Өнерімен көрерменді таңғалдырған. 2-жүргізуші: Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас, Бір жұмысты екі істеп сабылмас. Ашық қабақ, Бота көзді, сұлу қыз, Ақерке ер жүрек қыз табылмас 1-жүргізуші: Ән салуға жалықпайды Шаршамайды, сірә бір Перизаттың сан өнері бар, Сырын терең ұға біл. 2-жүргізуші: Көптен күткен қыздар келді арайлы, Келесісі кім деп жұртым қарайды. Бұрымды қыз Жансезімнен әрдайым Қуаныш пен шаттық күлкі тарайды. 1-жүргізуші: Ұстазын анасындай құрметтеген Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен. Назерке қыз ұстазының айнасы ғой Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген 2-жүргізуші: Ал,халайық, аруларға тамсанайық, Қыз қылықты дегенге ән салайық. Атына заты сай аруларға Тағы да бір қол соғып қарсы алайық. 1-жүргізуші: Асқар анау аталар, Салиқалы аналар. Ұрпағың бұл тағы бір, Бұрымды қыз атанар. 2-жүргізуші: Уа, арулар, арулар! Ешкімнің жоқ алалар. Ару болу үлкен сын, Оны қазың бағалар. Әділқазылар алқасымен таныстыру