«Біздің конституция» Мақсаты: 1. «Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, тиянақтау, дүниетанымдарын кеңейту; 2. оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру; 3.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
«Біздің конституция»
Мақсаты:
1. «Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, тиянақтау, дүниетанымдарын кеңейту;
2. оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру;
3. Отанын сүюге, рәміздерді, Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу, достықты күшейту, ынтымақтастыққа баулу, патриоттық сезімдерін ояту.
Түрі: танымдық - тәрбие сағаты
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап,
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, тарих
Көрнекі құралдары: карта, рәміздер, Елбасының портреті, Қазақстанның әсем қалаларының көрінісі, ребустар, алтын сандық.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, бір - бірімізге мейіріммен қарап, амандасайық (оқушылар хормен).
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
- Орындарына отыра қойыңдар.
ІІ. Негізгі бөлім.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін! - деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай, бүгінгі сыныптан тыс іс - шарамыздың тақырыбы:
«Туған жерім, тұғырым - Қазақстан» деп аталады.
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. (картамен жұмыс).
Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда