Здесь была ссылка на работу Біздің Президент автора Калжанова Сабира Сарсенбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Елбасы өмірі мен қызметі жайлы қысқаша мағлұмат беру. 2. Дамытушылық: Оқушыларды өз Отанының жетістіктері жайлы таным – түсінігін қалыптастырып отырып дамыту. 3. Тәрбиелік: Отанды сүюге, туған жерді, елді, ұлттық рәміздерді құрметтеуге баулу. Сабақтың түрі: Әдеби-әуездік концерт сабақ Көрнекілігі: Рәміздер, слайдтар Барысы: Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздеріміз – Елтаңбамыз елдік еншімізді ерекшелеп, Көк байрағымыз биікке көтерілді, Әнұранымызды әлемдегі қауым тыңдап құрметтейді. Әнұран орындалады. Жүргізуші: Н. Ә. Назарбаевтың балалық шағынан үзінді. 1 – оқушы: ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев 1940 жылдың 6 – шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туды. Шығыс күнтізбесі бойынша Нұрсұлтан аға ұлу жылы дүниеге келген. Тағдыры күн мен тығыз байланысты. Бұл жылы туған кісілердің ерекше күш – қуатқа ие екендігін олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатынын айтады. Енді Президенттің туған күні 6 санына тоқталар болсақ, тағы да бір қызық жағдайға кенелеміз. 6 – саны шындықты, ашықтықты және сенімділікті бейнелейді. Бұл күні дүниеге келген адамдар бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартуға бар күш - жігерін жұмсайды екен. 2- оқушы: Нұрсұлтан аға орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момақан көрінгенімен, көзінің оты бар ұстамды байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, күшті, қатігез, сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілеті байқалып қалатын. Балаларды үйіріп, артынан ертіп жүретін .