Cабақтытың тақырыбы: §30 Популяция, оның сипаттамасы.

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні: Биология

Сыныбы: 9

Cабақтытың тақырыбы: §30   Популяция, оның сипаттамасы.                                                                                                          

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі -  оқушыларға және оның сипаттамалары туралы мағлұмат беру.                                                                                                   

Дамытушылығы - оқушылардың  шығармашылық, ойлау қабілетін  арттыру.

Тәрбиелілігі - адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.                                  

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, география

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Галапагосс аралдарындағы қунақтардың қоректену ерекшеліктеріне байланысты тұмсығының өзгеруі

 Сабақтың әдісі:     Сұрақ жауап,баяндау, топтастыру.

 Сабақтың барысы:           І.    Ұйымдастыру бөлімі.

                                            ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

                                            ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

                                            ІV.  Бекіту

                                            V.   Қорытындылау

                                            VІ.  Бағалау

                                            VІІ. Үйге тапсырма беру.

 ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Түр деген не?
  2. Түрге күні бүгінге дейін бір ғана анықтама берілмеуі неліктен?
  3. Морфологиялық өлшемнің ұзақ уақыт бірден – бір өлшем болып сақталуы неліктен?
  4. Қазіргі кезде қай өлшем негізгі болып есептеледі?неліктен физиологиялық – биологиялық өлшем генетикалық өлшемнің нәтижесі деп есептеледі?

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

Популяция деп тіршілік ортасы және оған бейімделу кабілеті де бірдей, бір-бірімен будандасып ұрпақ бере алатын бір түрге жататын дараларды айтады. Қолдан сүрыптау аркылы алынатын жануарлардың тұқымдары мен өсімдіктердің сорттары да жеке популяцияларға жатады.

Популяцияның генетикалык құрылымың ең алғаш статистикалық және генетикалық әдістерді қолдана отырып, дат генетигі В.Иогансен зерттеді. Оның 1903 жылы «Популяциядагы және таза линиялардағы тұқым қуалау» деген еңбегі жарық көрді. Бүл ілімді орыс генетигі С.С.Четвериков әрі қарай жалғастырып, дамытты.

Сонда бұл тәжірибенің нәтижесі, бұршақтың сорт популяциясы генетикалық құрылымы жағынан әртекті даралардан тұратындығын және оның әркайсысы таза сорттармақтардың (чистая линия) бастамасы бола алатындығын керсетеді. өздігінен тозаңданатын өсімдіктер популяциясының генотиптері же анықталатып белгілері көбінесе гомозиготалы (АА немесе аа) жағдайда болады.

Ал жануарлар мен айкас тозанданатын есімдіктер популяция-сының генотиптері еркін будандасу негізінде қалыптасады. көпшілігінде гетерогенді (Аа) болып келеді. Мұндай популяциянын генетикалық құрылымын зерттеудің бір жолы — жекелеген гендер бойынша гомозиготалы және гетерозиготалы даралардың таралу сипатын аныктау.

Мысалы, популяциядағы бір геннің екі түрлі өлшемі бойынша гомозиготалы АА және аа даралары сан жағынан бірдей дейік. Олардан А жене а гендері бар аталык жөне аналық гаметалар ген мөлшерде түзіледі. Осындай гендері бар даралар будандасқанда мынадай нәтиже шығады:

♀                                 ♂              

0,5 А

0,5 а

0,5 А

0,25 АА

0,25 Аа

0,5 а

0,25 Аа

0,25 аа

Сөйтіп, бүл мысалдан еркін будандасу жағдайында әр буын сайын доминантты жөне рецессивті гендері бар гаметалардьщ мелшері бір деңгейде, яғни 0,5 А және 0,5 а болатынын көреміз.

Бірак кейде популяциядағы гомозиготалар санының тең бол-майтындығы байкалады. Мысалы, карабидайдың бір популяция-сындағы сабағының түгі бар өсімдіктер түгі жоқ осімдіктерге кара-ганда терт есе көп болып келеді (4АА:1аа). Бүл жағдайда гаметалардың аракатынасы 0,5 А:0,5 а емес, 0,8 А:0,2 а болады. Будандастыру нөтижесінде олардан мынадай үйлесім түзіледі:

 

0,8 А

0,2 а

0,8 А

0,64 АА

ОДбАа

0,2 а

0,16 Аа    ,

0,04 аа

Нөтижесінде өр жүз есімдіктің орта есеппен 96-сы түкті (64 гомозигота, 32 гетерозигота), тек төртеуі ғана түксіз болып шығады.

Бүл жағдайда келесі будандарда да «А» аллелі бар гаметалардың молшері 0,8 (0,64 гомозигота АА-дан, 0,16 гетерозигота Аа-дан), ал «а» аллелі бар гаметаньщ мөлшері 0,2 (0,04 гомозигота аа-дан, 0,16 гетерозигота Аа-дан келеді) болады.

231Харди—Вайнберг заңы. 1908 жылы ағылшын математигі Г.Харди мен неміс дөрігері В.Вайнберг популяциядағы генотип пен фенотиптін таралу жиілігін анықтайтын формула ұсынды.

 Мысалы, адам популяциясындағы кейбір тұқым куалайтьш аурулардың таралу сипатын аньщтау және т.б. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи популяцияларына жүр-гізілген генетикалык зерттеулер олардың фенотип жағынан біркелкі болғанымен, түрлі рецессивті мутацияларға бай келетінін көрсетті. Ондай мутациялар генотиптері гетерозиготалы болып түрғанда фенотип түрғысынан ешкандай да білінбейді. Тек будандасу кезінде екі рецессивті аллель кезігіп, рецессивті гомозигота болғанда ғана білінеді. Мүндай жағдайда мутация тікелей табиғи сүрыпталудың бакылауына өтеді. Сейтіп, академик И.И.Шмальгаузеннің сөзімен айтатын болсак, өрбір түр мен популяция озінде «түкым куалайтын әзгергіштіктің корын» жинактаған күрделі гетерозиготалы жүйе болып есептеледі. Ол популяциянын тіршілік жағдайы әзгергенде ғана табиғи сүрыпталу аркылы жүзеге асырылады. Әр популяцияның өзіне тән гендік коры болады. Гендік қор (генофонд) дегеніміз — популяцияның, түрдің немесе систематикалык топтың гендерінің жиынтығы.

Мысалы, ірі өндіріс орталықтарында түтін мен ыс көп болғандыктан, сол манда өсетін ақ кайыңның діңгегі коңырқай күңгірт болып өзгереді. Соған байланысты кайыңда тіршілік ететін ақшыл көбелектердің арасында кейде күңгірт түсті мутанттар пайда болады. Егер мұндай құбылыс ауасы таза ауыл жағдайында болса, сүрыпталу арқылы жойылып кетер еді. Себебі ақшыл қайындағы күңгірт түсті көбелектер тез көзге түседі. Сондықтан оларды құстар жеп құртады. Ал түтінмен ысталған қайыңдағы көбелектер көзге көп түспейді, яғни табиғи сұрыпталу оларды сақтап қалады. Сұрыптаудың мұндай түрін қозғаушы сұрыптау дейді. Сонда мұндай сұрыпталуды жүзеге асыратын фактор — көбелектерді жейтін құстар. Егер сұрыпталу өте жылдам қарқынмен жүрсе, тез арада күңгірт түсті популяция пайда болады. Мысалы, Манчестер қаласының маңындағы қайың көбелегінің күңгірт түсті түрлері ақшыл көбелектерді 20 жылдың ішінде ығыстырып шығарған. Қозғаушы сүрыптау эволюцияда басты рөл аткарады. Бүған жылқының эволюциясы барысында оның аяғының саусактылықтан так түяктылыкка дейінгі өзгерісі де дәлел бола алады.

Қозғаушы сүрыптаумен катар табиғатта тұрақтандырушы сұрыптау да кеңінен таралған. Біршама түракты орта жағдайларында тіршілік ететін түрлерде болатьщ өзгерістер жағымсыз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда аз озгерістерді тудыратын мутациялар сакталып, керісінше, көп өзгеріс тудыратын мутациялар жойылып отырады.

Тұрақтандырушы сұрыптауда, мысалы, жәндіктер арқылы тозаңданатын өсімдіктер гүлінің бір шағын бөлігі ғана өзгереді. Бұл сол жәндіктің мөлшеріне ғана шақ келеді, ал олай болмаған жағдайда тозаңдануға жағымсыз өсер етер еді.Мезозой дөуірінде пайда болған саусаққанатты балықтарға жататын латимерия осы күнге дейін өзгеріссіз тіршілік етіп келеді.

Сол сиякты Қазакстанда кең тараған акбөкен кайнозой дәуірінен бері карай орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне қарамастан сақталып келеді. Бұларды тұрақтандырушы сұрыптаудың нәтижесі деп білеміз.

Қозгаушы сұрыптау мен тұрақтандырушы сұрыптау бір-бірімен тығыз байланысты. Қозғаушы сұрыптау қоршаған ортаның ауыспалы жағдайында түрлердін өзгеруіне ыкпал етеді. Ал тұрақтандырушы сұрыптау біршама тұрақты орта жағдайларында тиімді өзгерістерді сақтап, тұрактандырып отырады.Қозғаушы сүрыптау табиғаттағы түрлердің алуан түрлілігін камтамасыз етеді. Тұрактандырушы сұрыптау түрлердің тұрақтылығын сақтайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту

1.     Микроэвалюция ұғымы қандай үдерістерді қамтиды?

2.     Дарақтарды қандай негізгі қағида бойынша бір популяцияға бірігеді?

3.     Бұл ағзалар таралу аймағына қарай неге біркелкі орналаса алмайды?

4.     Географиялық және экологиялық түр түзілу арасында қандай айырмашылықтар бар?

V. Қорытындылау

VI. Бағалау

 

VII. Үйге тапсырма   §30

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 728 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 114

Похожие материалы