Циклдің ілесу шарты. REPEAT (қайталау) операторы

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың  тақырыбы: Циклдің ілесу шарты

Сабақтың  мақсаты:      

1.  Білімдік: оқушыларды ілесу операторының  жазылу  тәртібімен таныстыру.  Циклдік  алгоритмдерді программалау кезінде қолданысқа  ие болған  қайталау  операторының қолданылуын айқындап ашып беру.

2.  Дамытушылық:  әртүрлі циклдік есептерді  беру арқылы оқушылардың  қайталау операторына деген түсініктерін арттыру  арқылы білімдерін  арттыру.

3.  Тәрбиелік:  оқушыларды есеп шығару кезінде есептің  шартына байланысты оператор  мен  қызметші  сөздерді  жазуға  тәрбиелеу.  

Сабақтың типі:  интегралды сабақ

Пән аралық байланыс: циклдік қосынды есептер ( математика пәні)

Көрнекіліктер:  тақта, компьютер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, есеп шығару

Сабақтың тәсілі: жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.

Сабақтың  барысы:

1.     Ұйымдастыру

2.     Өткенді  қайталау

3.     Жаңа сабақты  түсіндіру

4.     Пысықтау

5.     Бағалау

6.     Үй  тапсырмасы

Өткенді  қайталау

1. Циклдік алгоритм дегеніміз не?     

2. Циклдің оператордың неше түрі бпр?

3. FOR  операторы  қай кезде қолданылады? 

5. While  операторының жазылуы.

6.WHILE   циклдік операторындағы  DO  түйінді  сөзінен кейін  қандай тыныс белгі  қойылмайды?

Жаңа сабақты  түсіндіру

Turbo  Pascal  тілінде қайталау  процесін  жүзеге асыратын  циклдік  операторлардың үш түрі  бар:  арифметикалық цикл –FOR, шартты  алдын ала  тексеретін  цикл –While  және шартты  соңынан  тексеретін  цикл –Repeat.

Егер шарт алдын ала  циклдегі  операторды  (немесе құрама операторды) неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану (аяқталу) шарты берілсе,  онда  While, Repeat    операторлары пайдаланылады. Ал  FOR  операторы  қайталану саны  алдын ала белгілі  болған кезде қолданылады. 

 

REPEAT (қайталау) операторы

Шарт цикл соңында тексерiлетiндiктен  REPEAT (қайталау) операторы ең болмағанда бiр рет орындалады. Циклдiң  орындалу шарты ақиқат болғанда оның жұмысы тоқтатылды.  Жазылу түрi:

    REPEAT <оператор> UNTIL <шарт>

                 {бiр оператор қайталанады}

мұндағы  UNTIL-қызметшi сөз, “дейiн” болып аударылады. Ал бiрнеше оператор

қайталанатын жағдайдағы жазылуы:

    REPEAT  <1-оператор>;

                  <2-оператор>;

                         ...

                  ;

    UNTIL    <шарт>;

 

Бұл жерде  құрмалас оператор REPEAT және UNTIL сөздерiнiң  арасында

орналасып, басқа  қызметшi сөздер жазылмайтыны көрiнiп тұр. Бұл операторды да

WHILE операторын пайдаланған есептерде қолдануға болады.

 

 

1-мысал. S=10+9+8+7+6   қосындысын есептеу.

Programқосын-2 ;

Var i, s : integer;

Begin

    i:=10; s:=0;

REPEAT     

           s:=s+i;

         i:=i-1;       

    UNTIL   i<5;

Writeln(‘i=’, i, ‘s=’, s);

end.

Тапсырма.  Қосындыны есептеу.

Const n=10;

Var i, p: integer;   s: real;

    Begin  s:=0;  p:=1;  i:=1;

         REPEAT p:=p*i;

                      S:=s+ sqr(i)/p;

                       I:=i+1;

         UNTIL   i>n;

Writeln(‘s=’, s:4:2);

End.

 

Тапсырма.  N=1, 2, 3 және k=2, 4, 6, 8  барлық мәндерiнде  y=2k+n айнымалысының

мәнiн табу.

Program Есеп;

Var k, n, y: integer;

Begin  For i:=1 to 3 do

     Begin     k:=2;

          While   k<=8 do

               Begin    y:=2*k+n;

                           k:=k+2;

                           Writeln(‘y=’, y);

               End;

      End;

End.

       Жаңа  сабақты пысықтау

Оқушыларға  жеке  нұсқалы,  екі   есепті  компьютерде  шешуге таратылу қағаздары беріледі.  Оқушылар орындағаннан кейін компьютер арқылы  тексеріп, жауабын анықтап, бағалаймыз.

Сабақты бекіту сұрақтары: 

1. Қайталану  алгоритмдерін программалауды  ұйымдастыру  қалай жүргізіледі?

2. «Цикл әзір»және  «цикл кейін» құрылымдарының  айырмашылығын  блок-

схема арқылы түсіндіріңіз?

3. Алдын ала  шартты тексеру  операторы.

4. REPEAT операторының  жалпы жазылуы және орындалуы.

5. параметірлі  қайталану  операторының жазылуы және орындалуы.

6. Циклдің денесі  дегеніміз не?

7. Күрделі циклдер туралы айтыңыз.

 

 Бағалау.

Үйге  тапсырма: REPEAT (қайталау) операторы

 

Тапсырма: N=1, 2, 3 және k=2, 4, 6, 8  барлық мәндерiнде  y=2k+n айнымалысының мәнiн

табу.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 33.5 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 210

Похожие материалы