Даналарым. Т. Әбдірахманова. ашық сабақ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Даналарым. Т. Әбдірахманова.

Сабақтың мақсаты:   тарихи тұлғалар жайында түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер:              

Пәндік нәтиже. Өлеңнің мазмұнын түсіну арқылы негізгі идеясын өз бетімен ашуға жағдай туғызу.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Сыни тұрғыда ойлау арқылы шығармашылық  жүмыстарды өз дәрежесінде орындауға мүмкіндіктер жасау.

Тұлғалық нәтиже. Өз елінің мақтаныштарын үлгі тұтуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазаң даналары» кестесі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй жұмысын «лездеме сұрақтар» қатары бойынша бақылап шығу.

Ол сұрақтар қатарын оқушыларға үй жұмысы ретінде беруге болады. Мәтінді оқып болған соң қызығушылық танытқан немесе «көршімді ойландырам» деген оймен туған сұрақтар қатарын құрастыруды ұсынуға болады.

/. Қызыгушылықты ояту.

- Бүгінгі үй жұмысына дайындықтарың өте тамаша екен. Нағыз болашақ даналарымыздың қатарын толықтырушы сияқтысыңдар.

 

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дана сөзінің синонимін атаңдаршы.

- Кімдерді даналар қатарына жатқызар едіңдер?

«Т» кестесін құру арқылы топтар жұмысын ұйымдастыру.

Ал ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың ойы қандай екен, оны «Даналарым» өлеңінен оқып білейік.

//. Магынаны тану.

Автор туралы мәлімет беру.

Керек дерек:

Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы 5 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданына қарасты Бөке деген жерде туған. Әке-шешеден ерте қалып, ағасының қолында тәрбиеленіп оқыған.  Т. Әбдірахманованың еңбек жолы 1941 жылдан басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитетте

рінде бірінші  хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болған.

Т. Әбдірахманова көптеген орден, медальдармен марапатталған. 1984 жылы Қазақ ССР халық жазушысы атағына ие болды. Еылым саласындағы еңбегі үшін 1985 жылы Қазақ ССР Еылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.

Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

-Өлеңнің алғашқы үш жолын қайтара оқып, соған жауаптауып көр. Үш саны туралы не айта аласың? (Тақ сан, есептіксан есім, киелі сан...)

-Үштің киелі сан екенін қалай дәлелдей аласың?
Керек дерек:   Үш қуат1. Ақыл. 2. Жүрек. 3. Тіл. Үш жүз:

1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз. Үш құсты өлтіруге болмайды: 1. Көкқарға.                       2. Қарлығаш. 3. Байғыз. Үш адамның ниеті бұзық  1. Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет:1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр. Үш нәрсе аз болса да, көп болады:  1. Қайыр-садақа. 2. Сауап. 3. Дұға. Үш жұрт:1. Өз жұртың - күншіл. 2. Қайын жұртың - міншіл. 3. Нағашы жұртың - сыншыл.

-Ақын қазақ даналарын қалай мақтан етеді?
Өлең сөздерімен жауап беруге тырыс.

Алдыңғы толтырған кестеге қайтып оралу. Кімнің аты
аталмай қалды. Толықтыр.

Өлең жолдарындағы қазақ даналарын толық аты-жөнімендәптеріңе жазып ал.

Даналардың ерекшеліктеріне тоқталу. (Өмір сүру кезеңдері мен еңбектеріне байланысты қосымша мәлімет беру. Бұлоқушылардың алдыңғы орындайтын тапсырмаларына көмекболар еді).

Бес арыс - Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақұып Дулатұлы,Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев.

Үш бәйтерек - Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин.

Сергіту сәгпі.

 III. Ойтолғаныс.

- Қалай ойлайсыңдар, даналарымыз осы күні тірі болса, сендерге қандай ақыл айтуы мүмкін еді?

RАФТ әдісі бойынша әр оқушы өз қателіктерін мойындай отырып, өзі таңдаған кейіпкердің атынан өзіне хат жазады.

Мысалы:

R - рөлі (Төле би)

А - аудиториясы (өзі)

Ф - формасы (хат)

Т - тақырыбы (өсиет)

Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.

Сабақты қорытындылау.

Үйден өлеңді мәнерлеп оқы, қалаған бір шумағын жаттап ал.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 31.89 Kb
Количество скачиваний: 83
Просмотров: 291

Похожие материалы