Дарындыға - даңғыл жол

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды іске асыру сындарлы оқыту арқылы жүзеге асатыны мәлім. Елбасы Н.Назарбаев  білім беру саласында әр аймақтың ерекшелігін ескере отырып, Батыс Қазақстан аймағы болашақ мұнайшыларды дайындауға бағытталуы қажеттігін де атап өткен болатын.

   Мектепте жоғары сыныпта оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдайтыны  жеке тұлғаның қызығушылығына, болашақта таңдайтын жоғары оқу орнының бағытына, рухани ерекшелігіне, отбасы және өзін қоршаған ортасына байланысты.

  Жоғары оқу орындарында білім сапасы қабылданған оқушылардың мектеп қабырғасындағы терең білімділігі мен  біліктілігіне  байланысты .        Елбасы соңғы «Нұрлы жол» атты халыққа жолдауында: «Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» деген болатын. Осы айтылған ойды жүзеге асыруда мектеп пен жоғары оқу орындарының арасында байланыс болса ғана көздеген мақсатымызға жетеріміз сөзсіз. Атырау мұнай және газ институтының  жүргізіп жатқан жұмыстары жалғасын тапса деп институт ректоры мен ұжымына оқушы еңбегін әділ бағалағандығы үшін ұстаз ретінде ризашылығымды білдіргім келеді. Біз мұғалімдер қауымы тер төгіп  баланың жұмыстануына бағыттасақ, еңбектенсек, оқушыларымыз сол білімді меңгеріп мақсатты түрде ыждағаттылықпен еңбектенсе, білім сапасы қай салада болмасын жоғарылап, болашақта жақсы маманның қалыптасуына ықпал етер едік. Ал жақсы, кәсіби маман көп болса болашағымызға алаңдамас едік.  

   «Дарындыға – даңғыл жол» дегендей талантты,  дарынды оқушыларымыз мектептен қалыптасқан білімдері мен  біліктерін  әрі қарай жалғастырса,  өмірде іс-жүзінде қолдана білсе, ұстаз үшін үлкен мәртебе, әрі қуаныш.  

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 775.44 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 100

Похожие материалы