Дебат по Обществознание для 9-11 классов «Қазақстан Республикасының бала құқығы заңды түрде орындала ма?»
Предмет:
Обществознание
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Мусралинова Умыткуль Советхановна
Здесь была ссылка на работу Дебат по Обществознание для 9-11 классов «Қазақстан Республикасының бала құқығы заңды түрде орындала ма?» автора Мусралинова Умыткуль Советхановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мақсаты: Оқушыларды өз құқықтарымен таныстыра отырып, құқықтың білімдерін тереңдету, өмірде қолдана білуге баулу. Даярлық кезеңі: 1. 2 қарсы топ даярлау. 2. Қазақстан Республикасының балалар құқығынан үзінділер ілу. 3. Ойын тәртібімен таныстыру. 4. Аудиторияны даярлау. Ән: Барысы. Жүргізуші: Құрметті, дебат мүшелері! Міне, ғылым мен техник жаңалықтары және әлемдік ой-пікірлер жаңа даму жолына түсіп, бағыт бағдарламалар енгізілген ХХІ ғасырды нық басудамыз. 1991 жылы ҚР өзінің Тәуелсіздігін алып, 20 жылдығымызды атап өттік. Демократиялық қоғам орнату жолында ой – пікіріміз бен көлемді мәселелерді шешуде, өз бағытын ұсынуға жетелейтін, пікіріңізді сарапқа салып дәлелдейтін, өз ойын анық та әсерлі етіп жеткізетін азаматтар қажет. Жүргізуші: Толық демократия іс жүзінде орнағанда ғана біздің тәуелсіздігіміз гүлдейді. Адам құқығы жан-жақты демократиялық сипатқа ие болып, заң жүзінде өз күшіне енеді. Ендеше, құрметті дебат мүшелері жақтаушы «Парасат» тобы «Адам құқығы 1-ші орында» деген дәлелмен , ал «Құқық туралы заң балаларға қызмет етпеуде» деген дәлелмен даттаушы «Жалын» тобынан жеке-жеке 2 оқушы қорғайды. Азаматтық форумға қатысушы сарапшылар:Оларды таныстыру Азаматтық форумның барысы: Жүргізуші: 1-ші бөлімде ой сайысы. Бірінші кезекте жақтаушы топқа сөз беріледі. Оған 6 минут. өз ой-пікірін дәйектемелер арқылы жеткізеді, бекітеді. Жүргізуші: Екінші кезек – қарсы пікірмен сөз даттаушы топтың жетекшісіне беріледі. (ол өз пікірін қарсы дәйектермен толықтыра сөйлейді). Оған 6 минут. Жүргізуші: 2-бөлім қарсы дәйектермен толықтырылған пікір сайысы. (сіздің айуыңызша... Сіздің пікіріңіз... Мен оған мынандай қарсы пікір айтар едім... сияқты). 5-6 минуттан сөз беріледі. Жүргізуші: 3-бөлім – сұрақ-жауап бөлімі. 2 жақ бір-біріне тақырыпқа сай пікір сайыс сұрақтарын қояды. Оған қарсы жақ жауап береді. Жүргізуші: Жанкүйерлер, көрермендер! Бағанадан бері егер зейін қойып тыңдаған болсаңыздар, сіздер де тақырыпқа сай сұрақтар туған болар. 2 сөйлеушіге де сұрақ қоюларыңызға болады. Жүргізуші: Құрметті дебаттың мүшелері, бағанадан талай пікірлер айтылды. Ендеше, 2 жақтың ой сараптарына кезек берсек. 2 жақ та 3 минуттан сөз алады. өз ой-пікірлері шешімін тапты ма, қанағаттана ма, жоқ па? (3 минуттан сөз аспайды) Жүргізуші: 6 бөлімде бізде қатысып отырған сарапшылар өз ой-пікірлерін тақырыпқа сай нақтылай айтады. Жүргізуші: 7-бөлім «еркін микрофон бөлімі» деп аталады. Мұнда сіздер өз пікірлеріңізді білдіруіңізе болады. 1 минуттан 4 минут уақыт беріледі. Жүргізуші: Қорыту бөлімі. Бағанадан бері ой-сайысымызды, пікір таласын қорыту үшін 2 жақтағы отырғандар дауыс береді. Жүргізуші: Әрбір сайыстың шешуші түйіні болады. Сөз сарапшыларға беріледі. Дауысты санай келе, жеңген топты анықтап, марапаттау кезеңі болады. Жүргізуші: Мінеки, өздеріңіз қатысқан пікір-талас сайысымыз өз мәресіне жеткен сияқты. Болашақ сендердікі, бүгінгі жас ұрпақ. Сендер – құқықтық қоғам иелерісіңдер, сондықтан қазірден өз көзқарастарыңызды ұсына біліңдер. Соңында, ән орындалады.