Әдебиеттік оқу 2-сынып сабақ әзірлемелері

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Әдебиеттік оқу. 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Кітап.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың кітапты түсініп оқу, кітап оқудың пайдасы туралы сөз ете отырып, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

 2. Оқушылардың түсініктерін кеңейту; белсенділіктерін дамыту

3. Оқушыларды  адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, қима қағаз.

Сабақтың  түрі: аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,  сабақтан  қалған  оқушыларды  түгелдеу. Оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын  хабарлау. Мақсатымен  таныстыру. Бүгінгі  сабағымыздың мақсаты кітапты түсініп оқу, кітап оқудың пайдасы туралы сөз ете отырып, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды  көңілді тілектерден бастайық.  Бір-бірімізге қарап хормен   бүгінгі күнге  тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,               

 Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

 

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.(кросворд)

1. Азанда шығып, кешке батады.

2. Құлыптың досы.

3. «Көп»  сөзінің  басқаша мағынасы.

4. Кітапты көп оқыған  адам  неге жетеді?

5. Арманға  жетудегі  асыл жол?

(күн, кілт, артық, арман, талап)

 

3. Тақырыпты түсіндіру.

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

1.                Оқушылардың түсініп оқуы.

Өлеңнің мазмұнына байланысты сұрақтар:

-                  Кітап неліктен ескірмейді?

-                 Кітап туралы қандай мақал білесің?

 

Сергіту сәті.

           

 

 

4. сабақты  бекіту.

«Кітаптар мұңы»  әңгімесін оқып беру.

 

Дәптермен жұмыс

Өлеңнен кітаптың пайдасы  туралы  теріп жазу

 

5. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау.

6. үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

7. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сынып, әдебиеттік оқу

 

Сабақтың тақырыбы: Айға аттанам, апа!

 

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ғарышкер туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикасын, ой-өрісін дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, еліміздің қазба байлықтарын бағалауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Түрі: жаңа білім беру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау,   пысықтау.

Көрнекіліктері: ғарышкерлер суреті

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын  хабарлау. Мақсатымен  таныстыру. Бүгінгі  сабағымыздың мақсаты кітапты түсініп оқу, кітап оқудың пайдасы туралы сөз ете отырып, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды  көңілді тілектерден бастайық.  Бір-бірімізге қарап хормен   бүгінгі күнге  тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,               

 Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

 

2.Үй тапсырмасын сұрау.

 

3. Қызығушылығын ояту.

-сен қиялмен алыс ғаламшарға ұшар болсаң қандай мақсатпен  барар  едің?

-Өзіңмен бірге кімді, нені ала кетер едің?

-Онда барғанда кімді сағынасың?

мақсат

«...әкетемін»

«сағынамын»

Мен

Мен

мен

кейіпкер

кейіпкер

кейіпкер

 

«Мен» деген бөлімге сұрақтың әртүрлі жауаптарын толтыру. Оқушылардың армандары қызық екенін  байқап, атап өту.

Ай, Шолпан, Сатурн, Юпитер, т.б. топтарға бөліп, солар  туралы білетіндерін жинақтап, баратын жерінің бағытын сызып, қызықты  саяхат  жасауға  болады.

 

3.Мағынаны  тану

-Өзің  сияқты  баланың  қандай  армандары  бар  екенін    өлеңнен  оқып  көрелік

Мен ғарышкер боламын.

Аспан, аспан – арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын...

Мен ғарышкер боламын!

 

Ғарышкер мен де боламын,

Боламын десем боламын!

Таудай үлкен талабым,

Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлайтын

Үлкен ғалым боламын.

                                Үлкен ғалым боламын,

Боламын десем боламын!

 

4. Жаңа сабақты бекіту. (Сұрақ-жауап арқылы).

Ғарышкер мамандығы жайлы не білесің?

Болашақта кім болуды арман етесің?№

Ғалым деп кімді айтамыз?

Қандай ғалымдарды білесің?

Ғарышкер, ғалым болу үшін не істеу керек?

Өлеңді жаттап ал.

 

5. Үйге тапсырма беру.

 

Үйде өлеңді жаттау, мазмұнын айту.

6. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сынып, әдебиеттік оқу

 

Сабақтың тақырыбы: Кім күшті?

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегінің басты  идеясы  арқылы  білім мен адамның  ғажайып  күші  мен  ұлылығын  паш  ету.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикасын, ой-өрісін дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты сүюге  тәрбиелеу.

 

Түрі: жаңа білім беру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау,   пысықтау.

Көрнекіліктері: суреттер

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын  хабарлау. Мақсатымен  таныстыру. Бүгінгі  сабағымыздың мақсаты  ертегінің басты  идеясы  арқылы  білім мен адамның  ғажайып  күші  мен  ұлылығын  паш  ету.

тілектерден бастайық.  Бір-бірімізге қарап хормен   бүгінгі күнге  тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,               

 Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

 

2.Үй тапсырмасын сұрау.

 

3. Қызығушылығын ояту.

-Бүгінгі  сабағымызды  жан-жануарлар  әлеміне  саяхаттан  бастайық. Жабайы  жануарларды  ата.  «Т»  кестесін құрайық.

-Осы  жабайы  жануарларды   қандай  топтарға  бөлер  едің? (Мекен ету  тұрағы немесе  қоректенуіне, т.б. байланысты.) Сол  бойынша  төрт-төрттен  топтарға  бөлу.

-Қай топтағы  жануарлар  күштірек  деп  ойлайсыңдар? Олай  ойлауларыңа  не себеп  болды?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 683.77 Kb
Количество скачиваний: 55
Просмотров: 281

Похожие материалы