Әдебиеттік оқу "Құрманғазы ата" 2- сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Батырова Назгуль Шахматовна
|
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: «Құрманғазы ата» Байбота Серікбайұлы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Құрманғазының өмірімен оның шығармаларымен таныстыру, өлең мазмұнын қара сөзбен әңгімелеп айтуға үйрету. Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды күй тыңдау арқылы патриоттық сезімін ояту.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу, СТО стратегиялары
Көрнекілік: автордың, Құрманғазының суреттері, күй табақ.
Пәнаралық байланыс: музыка, математика
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Жақсылықтан үйреніп
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Шоқан мен өнерлі Мысық» мазмұнын сұрау.
3. Үй тапсырмасын бекіту.
- Шоқан кім?
- Оның арғы атасы кім болған?
- Шоқан мен бала Мысыққа мінездеме бер.
4. Қызығушылықты ояту.
Екі ішекке бір тиекті қондыра,
Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.
Білсең егер айта қойшы,балақан?!
Бұл қай аспап? Бұл кәдімгі домбыра
- Домбыра аспабымен не орындауға болады?
- күй
- Қандай күйшілерді білесіңдер?
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы күйші Құрманғазы ата туралы. Дәптерімізді ашып, күннің жадын, сабақ тақырыбын жазайық.
5.Жаңа сабақ
1)Автор туралы мәлімет беру.
Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай (1993 ж. д. аты-жөні: Байбота Серікбаев) (8.5.1954 жылы туылған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы (бұрынғы "Талап" кеңшары) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1977). 1978-1988 жылдары "Жалын" баспасында редактор, аға редактор, "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналында, "Ана тілі" мен "Қазақ елі" газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, "Жазушы" баспасының жетекші редакторы қызметтерін атқарған. Алғашқы өлендер жинағы "Тұңғыш кітап" 1977 жылы жарық көрді. "Тіршілік ұясы" атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды .
- Байбота Серікбаевтың « Құрманғазы ата» өлеңімен танысамыз.
- Өлеңді оқымас бұрын Құрманғазы туралы мәлімет тыңдап алайық.
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ
(1823 - 1896 )
Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.
2. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін, өлең мазмұны бойынша талдау жұмысын жүргіземін.
Оқушыларды іштей,тізбектетіп оқыту.
3. «Кім тапқыр?» ойыны
Мақсаты: Музыкалық аспаптармен күй аттарын ажырата білу, шапшаңдыққа тапқырлыққа баулу.
4. Сергіту сәті.
- Енді балалар, осы Құрманғазы атамыздың « Сарыарқа » күйін тыңдайық.
- Осы күйді тыңдаған кезде көз алдарыңа не елестеді? Оқушылардың пікірін тыңдау.
5. Шығармашылық тапсырмалар:
I. топ. Домбыра сөзіне бес жолды өлең жазу.
II топ. « Сарыарқа» күйін тыңдаған кезде көз алдыңа не елестеді? Суретін сал.
III топ. « Пирамидалық оқиға бойынша сөйлем құрастыр.
IV. Қүрманғазы туралы не білдік? Топтастырып жаз.
Сабақты қорытындылау.
Кубизм әдісі бойынша сұрақ – жауап арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
4. Құрманғазының ұстазы кім болған?
5. Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?
6. Күйші деп кімді айтамыз?
Үйге тапсырма: мазмұны және Құрманғазы туралы мәліметтер жинақтау.
Бағалау: Топтардың және жекелеген оқушылардың жетістігін айтып бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 513.17 Kb |
Количество скачиваний: | 28 |