Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. 7-сынып

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақ тақырыбы:  Деформацияланған серіппенің  потенциалдық энергиясы.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға  деформацияланған денелердің потенциалдық энергиясы туралы  түсінік беру .

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

·    Ауырлық күші әсер ететін дененің потенциалдық энергиясының формуалсы қалай өрнектеледі?

  • Ауырлық күшінің жұмысы мен потенциалдық энергиясының арасында қандай байланыс бар?
  • Потенциалдық энергияны сипаттайтын оның қасиеттері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Деформацияланған денелерге Гук заңына сәйкес  серпімділік күші әсер етеді.

Мұндағы |∆ℓ| -серіппенің абсолют ұзаруы;

        к – серіппе қатаңдығы. [Н/м]

 

ℓ=ℓ 1 -ℓ2  А нүктесінің орын ауыстыруы

ℓ 1-серіппенің бастапқы орын ауыстыруы

ℓ2 –серіппенің соңғы ұзаруы

F1=k∙ℓ1

F2=k∙ℓ2  т.с.с

Сондықтан серпімділік күішінің жұмысын анықтау үшін оның орташа мәнін аламыз:

Сонда серпімлік күішінің істеген жұмысы мынаған тең болады:

Жақшаларды бір-біріне көбейтсек:

Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы :

Серпімділік күшінің істеген А жұмысы серіппенің потенциалдық энергиясының Еп өзгерісіне тең:

IV. Пысықтау.

1. Серпімділік күшінің жұмыс неге оның орташа мәнімен анықталады?

2. Сығылған (созылған) серіппенің потенциалдық энергиясы қандай формуламен өрнектеледі?

3. Серіппенің потенциалдық энергиясының өзгерісі мен серпімділік күші жұмысының арасындағы байланыс қалай өрнектеледі?

V. Есептер шығару. 32-жаттығу. №2 №3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

 

VІІІ. Үйге тапсырма: §55. 32 –жаттығу. №1

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 36.9 Kb
Количество скачиваний: 43
Просмотров: 280

Похожие материалы