Деңгейлеп оқыту-нәтижелі білім кепілі
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Буркутбаева Кенжегуль Ермековна
|
"Деңгейлеп оқыту-нәтижелі білім кепілі
Оқушыларға сапалы білім беру жолында оқыту әдісін жетілдіру – әр мұғалімнің басты міндетінің бірі. Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мен ақыл-ойының дамуы өтілген сабақтың сапасына байланысты.
Қазақ тілі пәні оқушыларға білім берумен қатар олардың алған білімін есте сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, сөздік қорын арттырып, ой-өрістерін кеңейтіп, зеректік, іскерлік және бақылағыштық қасиеттерін жетілдіреді.
Қазақ тілі сабағында оқушыларды ынталандырудың бір жолы – сабақты жарыс түрінде ұйымдастыру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын белгілеген Президент Жолдауынан туындайтын мақсат-мүдделерді іске асыру мектеп алдында тұрған асқаралы міндеттерді анықтайды.
Оқушыларды 5-сыныптан бастап пәнге қызығуына қарай саралап, топтадым.
Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, бұл жерде де жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі – оқыту мақсаты болып табылады.
Аталған жұмыс профессор Қараев Жауынбайдың тұжырымдамасы негізінде өтіп жатқан тәжірибелерде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.Өзім сабақ беретін сыныпта деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқытудың ерекшеклігін талдап, сабақта ойлау қабілетін жетілдіруге ерекше көңіл аударамын.Әр оқушы үшін оны есепке алып дамыту жолын таба білдім. Тақырып, тарау бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Себебі, ол оқушының ойлауын, есте сақтау, белсенділік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік саралау арқылы мұғалім оқушы білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік алады. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін, қиындықты жеңуін, табандылығын үнемі назарда ұстап, олардың білімінен байқалған олқылықтарды сипатына қарай топтап, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіп келемін. 6-сыныпта өткізген «Сан есімнен өткенді қайталау» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 27.92 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |