Здесь была ссылка на работу Деңгейлік бағдарламаның өзекті мәселелері. автора Мамаев Ерлан Бораншыулы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде заманауи педагогикалық технологиялар саны көбеюде. Саны көп технологиялардан тиімді, әрі нәтижелі әдістемені анықтап, пайдалана алудың маңызы өте зор. Осы таңдауды дұрыс жасай білу әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті талап ететін қабілет екені айқын. В.И.Шепелдің айтуы бойынша, технология – өнер, шеберлік, біліктілік жағдайын зерттеуге бағытталаған іс-әрекеттердің жиынтығы ұғымын білдіреді. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге деген оның әсері, нәтижелілігі мен білімдерін шыңдаудағы ықпалы ерекше болатыны айқын. Оқушылардың санасына, эмоциялық сезім-түйсіктеріне тиімді әсерін тигізетін ізденістерден көп нәтиже алуға болатындығы айтпаса да түсінікті мәселе.