Здесь была ссылка на работу Денсаулық - зор байлық автора Тотенова Акбобек Тажибаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жүрісі: І.Ұйымдастыру ІІ.Негізгі бөлім Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін біз «Денсаулық – зор байлық» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса, біз үш топқа бөлінеміз. І- топ: «Денсаулық» ІІ- топ: «Тазалық» ІІІ- топ: «Сұлулық» -Әр топ ұлы адамдардың «денсаулық» туралы айтқан сөздерін ұстанады. І-топ: «Дене шынықтырумен шұғылдансаң, дәріге де пысқырып қарамайсың» Әбуғали Ибн Сина. ІІ- топ: «Режим мен еңбек – денсаулық кепілі» И.П.Павлов. ІІІ- топ: «Қимыл – қозғалыс - кәрілікпен күресудің ең тиімді жолы» В.В.Тройкевский. 1. «Денсаулық» дегенді қалай түсінесіңдер?... Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Жеке адамның басты байлығы – денсаулық. Шопэнгауердің «Дені сау кедей ауру корольден бақытты» деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан. 2. Блиц – турнир сұрағы ( Ой ашу) А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады (сабын) Ә) Тіс тазартатын құралдар (тіс щеткасы мен паста) Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбиесі) В) Адам өміріне ең қажетті заттар ( ауа, су жылу, жарық, тамақ) Г) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы) Мұғалім: Балалар, жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?