Дербес компьютердің CD-ROM, CD-R, CD-RW диск жинақтауыштары, DVD-ROM лазерлік диск жинақтауыштары
Предмет:
Информатика
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Ержанбек Асылбек Ержәнібекұлы
Здесь была ссылка на работу Дербес компьютердің CD-ROM, CD-R, CD-RW диск жинақтауыштары, DVD-ROM лазерлік диск жинақтауыштары автора Ержанбек Асылбек Ержәнібекұлы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Дербес компьютердің CD-ROM, CD-R, CD-RW диск жинақтауыштары, DVD-ROM лазерлік диск жинақтауыштары CD-ROM дискілерінде заманауй тәсіл арқылы ақпарат жазылады жәнеол д искіге қайталап ақпарат жазу мүмкін емес. Дискілердің ішінде ең көп тарағаны CD-ROM дискілері. Өзінің характеристикасына сай бұл дискілер толығымен музыкалық дискіге ұқсас болып келеді. Ақпарат дискіге спираль түрінде жазылады. Физикалық тұрғыда алып қарағанда, лазерлік сәуле бірліктер мен нөлдік сан тізімін, рет ретімен микроскоптық кішкене шұңқырлар ретінде дискі спираліне жазылады. Оптикалық дискіден ақпаратты оқу принципін төрт этапқа бөлуге болады: 1. Лазер сәулесі CD-ROM дискі жетегінің лазер-диоды арқылы жіберіледі. Линза жүйесі арқылы өте отырып, компак-дискінің ақпараты орналасқан облысына фокусталады. Лазер сервожетек ұсынатын траектория арқылы қозғалады. Сервожетек линзаның бағытын өзгертіп, қозғалту үшін қолданылады. 2. Сәуле, дискіге өз сәулесін түсіру арқылы ақпаратты оқуды жүзеге асырады. 3. Сәуле призма тобына тиіп, қайтадан кері қайтады. Осы жерде фотодетекторда сынуы және сәуле түсуі жүзеге асады. 4. Фотодетектор желілік ағымның күштілігін анықтап, ақпаратты дискіжетек микропроцессорына бағыттайды. Сол жерде сәулелену анализі аяқталып, ақпарат сандық түрде бізге беріледі. DVD-ROM дискіжетектерінің негізгі характеристикасы ақпаратты оқу жылдамдығы болып келеді. Дискіжетектің ақпаратты оқу жылдамдығын көтеру үшін, оның дискіні айналдыру жиілігін көтеру керек. CD-ROM дискіжетектеріне өндірушілер біркелкі оқу жылдамдығын бергендіктен (Constant Linear Velocity-CLV), дискіні айналдыру жиілігі ауыстырыламалы бірлік болып келеді. Головкадан центрге дейін кері пропорционалды қашықтықта оқылады. Дискіжетектің бірінші ұрпағы 1Х 150Кб/с оқу жылдамдығында болды. Бұл дегеніміз, дискі жолақтарының сыртқы бөлігінде минутына 200 айналым диапазонында болса, ішкі жағында 530 айн/мин болды. Келесі ұрпақтарында 2Х,4Х-те айналдыру жылдамдығы әлде қайда жоғары болды, ол дегеніміз оқу жылдамдығыда жоғары болады деген сөз. Осылайша ұзақ уақыт жалғаса берді, бірақ кейіннен жоғарғы класты модельдер 12Х, яғни жылдамдығы 1800Кб/с болды, ал массалық түрлері 8Х,1200 Кб/с болды. Техникалық қолдауы өте қиын ауыстырылмалы тасымалдауышқа 6360 айн/мин өте жоғары екені мәлім. Одан қиыны дискіні сол жылдамдыққа дейін жеткізіп оқу үшін дискіжетек головкасы тез айналу керек, ал мұндай жағдайда сапасыз дискіжетек головкалары секіріп кетуі мүмкін. Яғни, дискінің ішкі жағынан сыртқы жағына немесе дәл солай керісінше секіріп кетуі мүмкін. Айналдыру уақыты орын ауыстыру уақытымен байланысты, сондықтан сондықтан ақпаратқа тез қол жету үшін орынм ауыстыру жылдамдығы минималды болуы тиіс. Сіз айналдыру жылдамдығын өсірген сайын дискіжетек оқу барысында қателерді көп жіберіп, сізге проблемалар туындатады. Сондықтан 12 еселі жылдамдық CLV режиміне жылдамдық шегі болып келеді. Одан ары жылдамдықты өсіру CLV режимінен шығу арқылы ғана жүзеге асырыла алады. Сондықтан өндірушілер CD-ROM дискіжетектерінің келесі моделдерінде таза CLV орнына Constant Angular Velocity-CAV дискіжетегін өндіре бастады. Дискіжетектердің бұл нұсқасында дискіні айналдыру жылдамдығы біркелкі бұрышты, айналдыру жиілігі біркелкі, ал оқу жылдамдығы ақпарат жазылған спираль радиусына пропорционалды. CAV режимі тек дискінің барлық аумағы қолданылатын жағдайда тиімді, ал керісінше болған жағдайда CLV режимінде оқылады. Екі режим қосылып оқу процесін жүргізетін режим CAV/CLV, Partial CAV немесе P-CAV деп аталады. Себебі, дискіні оқу барысында ортаңғы облысын оқу үшін CAV режимі қолданылса, периферийлі, яғни шеткі бөлігіне CLV режимі қолданылады.