Стандартты модульдерді Turbo Pascal жүйесінде есеп шығаруда қолдана білу
Предмет:
Информатика
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Ерженбек Асылбек Ержанбекулы
Здесь была ссылка на работу Стандартты модульдерді Turbo Pascal жүйесінде есеп шығаруда қолдана білу автора Ерженбек Асылбек Ержанбекулы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Стандартты модульдерді Turbo Pascal жүйесінде есеп шығаруда қолдана білу Паскаль тілінде 8 стандартты модуль бар. Осы стандартты модульдерде көптеген әртүрлі типтер, тұрақтылар, процедурамен функциялары келтірілген. Турбо паскаль тілінде келесі стандартты модульдер пайдаланады: System, DOS, CRT, Printer.Graph,Overlay,turbo3,graph3. Graph,turbo3,Graph3 модульдер бөлек TPU- файлдарда орналасқан, ал қалған модульдер Turbo.tpl кітапханалық файлдың құрамына кіреді. Тек SYSTEM модулі ғана кез келген программаға автоматты түрде қосылады, ал қалған модульдерді қосу үшін олардың аттарын USES деген сөзден кейін көрсету қажет. Негізгі стандартты модульдерді қысқаша қарастырайық. 1) SYSTEM модулі. Бұл модульге стандартты паскальдың барлық процедурамен функциялары және басқа стандартты модульдерге кірмеген стандартты процедурамен функциялар жатады (мысалы: inc,dec т.с.с.). Жоғарыда айтылғандай SYSTEM модулі кез келген программаға қосылады USES-те хабарланбасада. Сондықтан оның глобальды тұрақтылары, айнымалылары және қосалқы программалары Турбо Паскальдің стандартты функция мен процедуралары болып саналады. 2) PRINTER модулі. Бұл модуль арқылы принтерге тексттерді баспаға шығаруға болады . Бұл модульде PRN логикалық құрылғымен байланысатын TEXT типті LST атты файлдық айнымалысы анықталады. PRINTER модулі қосылғаннан кейін келесі программа орындалады: USES PRINTER; Begin Writeln (LST,’Турбо Паскаль 7.0’); End. 3) CRT модулі. Экранмен жұмыс істеу үшін тексттік режимнің басқаруын қамтамасыз ететін процедурамен функциялары осы модульге жатады. CRT модульдің қосалқы программалар көмегімен курсорды экранның кез келген позициясына жылжытуға, шығарылатын символдардың және олардың фонының түсін өзгертуге, терезелерді ұйымдастыруға болады. Мысалы: а) GOTOXY (X,Y:byte)- курсорды экранның (терезенің) қажетті орнына жылжытады б) TEXTCOLOR (color:byte)- символдың түсін анықтайды. в) TEXTBackground(color:byte)-фонның түсін анықтайды. г) clrscr- экранды (терезені) тазалайды және курсорды экранның сол жағ жоғарғы бұрышына орналастырады. д) readkey- клавиатурадан символды оқиды. Кез келген клавиша басылғанға дейін программаның орындалуы уақытша тоқтатылады. е) keypressed- TRUE- қайтарады егер клавиша басылған болса және FALSE-ті қарсы жағдайда қайтарады. Программаның орындалуы тоқтатылмайды. ж) window (X1,Y1,X2,Y2:byte)-экранда тексттік терезені анықтайды.X1,Y1-терезенің сол жақ жоғарғы бұрышының координатасы, X2,Y2-оң жақ төменгі бұрышының координатасы. { Crt модулінің процедуралары және функцияларын қолдану } program frame; uses Crt; procedure Frm(l:integer; t:integer; w:integer; h:integer); var x,y:integer; i:integer; c1,c2,c3,c4,c5,c6:char; begin c1:=chr(218); c2:=chr(196); c3:=chr(191); c4:=chr(179); c5:=chr(192); c6:=chr(217); GoToXY(l,t); write(c1); for i:=1 to w-2 do write(c2); write(c3); y:=t+1; x:=l+w-1; for i:=1 to h-2 do begin GoToXY(l,y); write(c4); GoToXY(x,y); write(c4); y:=y+1; End; GoToXY(l,y); write(c5); for i:=1 to w-2 do write(c2); write(c6); End; begin Frm(2,2,15,10); End.