Диалог арқылы оқыту туралы

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ғылыми зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский когнитивті дамудың оқушылар өздерінің “Жақын арадағы даму аймағында” жұмыс  істесе  жақсаратындығын атап көрсеткен. Выготскийдің зерттеулері бойынша білім  беру модульінде оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше. Сыныпта диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ. Ғалымдардың зерттеулеріне көз салып қарасақ сыныпта тіл қаншалықты қолданылса оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететіндігі айтылған. Яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында  жүзеге асатынын көрсетті. Ғалымдардың зерттеу  нәтижесі сабақта  диалогтің маңызды  рөл  атқаратынын  көрсетті. Ғалымдар Мерсер мен Митлтон (2007) өз еңбектерінде  диалог  сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен  бірге  олардың  білім деңгейін  жоғарылатуға  үлес  қосатындығын  айтады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.36 Kb
Количество скачиваний: 35
Просмотров: 138

Похожие материалы