Диктанттар жинағы (5 - сынып)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Досжанова Аягуз Жаксыбаевна
|
Бақылау диктанты
Тоғайда
Дәулет көкесі екеуі ауыл сыртындағы тоғайды аралап келе жатты. Бұрын-соңды үйден алысқа шығып көрмеген кішкентай Дәулетке айналадағы құбылыстың бәрі жұмбақ еді. Тоғайда неше түрлі ағаштар өскен. Бірі жуан, бірі аласа. Біреуінің сыртқы қабығы қалың, кедір-бұдыр, ана біреуінің қабығы жұқа, жып-жылтыр. Әр ағаштың бұтақтары да әр түрлі екен. Күзгі жапырақтар бейне бір төсеп тастаған текемет сияқты, ұйысып жатыр. Жұп-жұмсақ.
Сары қанат шымшық, шөже торғай, қараторғайлар бұтақтан-бұтаққа секіріп, енді біреулері алаңқай жердегі бұталарды паналайды. Қара қарғалар ағаштың басында отыр.
Дәулет сұрақты жаудырта жөнелді:
- Қарғалар ұясын қайда салады?
- Ағаштың сонау биік басына салады, балам, - деді әкесі.
(Б.Әлсеров, 98 сөз)
Сәмбі тал
Сәмбі талды інжу тал десе де болады. Бір түрлі мұңайып сізбен сырласқысы келетіндей. Мұңын шаққысы келетіндей. Сәмбі талдың тұқымы осында қалады. Ол саз жерге бітеді. Көп жуандамайды. Әрі кетсе білектің жуандығындай болады. Бір тамырдан топтанып, шоқтанып алтау-жетеу, одан да көп шыбық тарайды. Жан-жағына көп бұтақ жаймайды. Сыптай болып түзу өседі. Өзі солқылдақ та иілгіш келеді. Киіз үйдің сүйегі осы сәмбі талдан жасалады.
Апыр-ай, табиғат ана шебер-ақ қой! Төрт түлік малдың қамымен көшіп-қонып жүрген қазаққа киіз үйдің сүйегіне арнап дап-дайын сәмбі талды өсіруін қарашы! Кереге, уық, шаңырақ дегендерге таптырмайды.
(О.Әбілдаев, 98 сөз)
Кішіпейілділік
Көк қаршыға көзін шаңырақтан аспан әлеміне құмарта қарап, бір рет дүр сілкініп қояды. Бұрын мұндай құсты көрмеген мысық одан көз алмай, таңданып әрі қорқып қарайды. Мысықтың бағанадан бері көзі түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол биік төсектің бас жағынан түргелген тарғыл арлан еді. Екі құлағының салбыраған шашағы төгіліп тұр. Күміс қарғалы тайдай тазы тұрып алып, алдыңғы екі аяғын көсіліп, төсін жерге тие керілді. Мойынындағы күміс қарғының сақиналары сылдыр қағып, тазы есікке қарай бет алды. Мысық зәресі ұшып, Шоқанның артына қарай ығыстай берді.
- Қорықпа, тимейді, - деп, Шоқан Мысықты өзінің қатарына қарай ығыстырды. – Апатай, мына Мысыққа бауырсақ беріңізші, - деп, Шоқан шешесіне өтінішті ерке тілек айтты.
(С.Бегалин, 102 сөз)
Шиетергенде
ӘминаәженемерелеріЖанатпенҚанаттыертіп, шиетеругеорманғакелді. Көп ұзамай қалың шиеге кезікті.
Жанат терген шиесін қолындағы ыдысына салды. Қанат өзі жинаған шиесін тойғанынша жеп, содан соң ойнап кетті.
Таза ауада әрі жақсы дем алып, әрі шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды.
Жанат әдейі тергенін айтып қолындағы шиесін атасына әкеліп берді. Атасын шиенің біреуін алып, дәмін көрді. Жанатқа қатты риза болып, оның өзін де шие жеуге шақырды. Жанат орманда тойғанынша жегенін айтты, дегенмен, атасының көңілін жықпай, аузына бір-екі шие салды.
- Қанатжан, сен неге отырмайсың? Жанаттың шиесін же, - деді атасы босаға жақта тұрып қалған Қанатты көріп.
Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді.
(М.Төрежанов, 110 сөз)
Қыз бен дария
Жел әрі арғы беттен еді. Толқындар жағаға бұрынғыша шылп-шылп соғып жатты. Қыз бұрқырап аққан дарияның желді күнгі күйін тыңдады. Ол дария жағасында талай рет болған. Бірақ, дәл қазіргідей зер салып тыңдамапты.
Дария бұған белгісіз үнмен тіл қатып жатқандай. Оның, не деп жатқанын да түсінді. Көңіліне жақын беймаза үнмен дарияның өзін сағынғанын, өзінің дарияны сағынғанын сезді.
Арғы беттен соққан жиде гүлінің иісі келді. Өзін рахат сезімге бөлеген жұпар ауаны Сарықыз құмарта жұтып, мейірі қанғанша иіскеді. “Ендігі бір келгенде Балабекті ерте келермін”, - деп ойлады ішінен.
Қыз тәтті қиял құшағында жатып, кенет әкесін ойлады. Әкесі есіне түскен сәтте қолындағы жыртылған суретке қарады.
(Т. Нұрмағамбетов, 100 сөз)
Бүркіт
Біздің елімізде бүркіттің жеті түрі мекендейді. Олардың ішіндегі ең ерекшесі – қыран бүркіт. Ол – қасқырды да алатын, өте күшті, ірі денелі алып құс. Адамдар ежелден бүркі салып, аң аулайтын.
Ең алдымен бүркітші бүркіттің балапанын ұясынан алады. Мұның өзі өте қауіпті. Себебі бүркіт ұясын адам аяғы жетпейтін қия жартасқа салады.
Күздігүні балапандары есейгенде ғана бүркіт ұясымен топтанып, шырқау биікте қалықтап жүргенін көруге болады. (“Ол кім? Бұл не?”)
Үй сыртындағы көлеңкеден артқы бір аяғы таңулы, ақсақ құлын көтеріліп, бұған қарсы жүрді. Екі көзі жақұттай жаудыраған, маңдайында танадай ағы бар, тортөбел ақсақ құлын таңулы аяғын сүйрете шоқаңдай басып келді де, мұны иіскелеп, оқыранып жіберді. Даладағы дабыр-дұбырды естіп Ағыбай сыртқа шықты. Асылбек төмен қарап үндемей қалды. Сөзден ұтылғаны деп ойлады Ағыбай. Бұл кезде күн де ұясына кіріп, күндізгі аптаптың беті қайта бастаған.
Ержан ата-ананың тұлабойы тұңғышы, алақанға салып өсірген баласы болатын. Ержан тоқтамай ұзақ сөйледі. (Қ.Жұмаділов)
Мейірім
Көктем. Мамыр айы маужырап, қырат пен сай-саланы қыс бойы мекендеген қар еріп, сылдырап жылға-жылғамен ағады. Төңірек тегіс түрленіп, көк шөп қаулап өсуде. Ақ, сары, қызыл гүлдері көздің жауын алған тау бөктері түкті кілемдей құлпыра түскен.
Терең көлдің маңайы жыл құстарының ызу-қиқу шуылына толы.
Бір күні шопан қыстауының қорасына зып беріп нан үйрек ұшып кірді. Мұны Жасұлан байқап қалды да, дереу әжесіне келіп хабарлады.
Әжесі екеуі күні бойы аңдыды: ана үйрек қораға ұя салыпты. Балапан басып алмақшы.
Жайлауға көшетін мезгіл де жетті. Ана үйрек әлі қозғалмастан ұясында жатыр. Әже немересінің мәселін қайтармай, құстың амандығын сақтап қалу үшін қыстауда қалып қойды. (Т.Әбдірайым, 100 сөз)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 27.19 Kb |
Количество скачиваний: | 85 |