Диспут «Білім кілті – кітапта»

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасында 25 сәуір күні 7-8 –сыныптар арасында «Білім кілті – кітапта» атты диспуттың бағдарламасы.

Мақсаты: Кітаптың тарихымен таныстыру, кітаптың құрылымы туралы білімді қалыптастыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы және кітапхананың мәдени-ағарту, ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы ой-өрісін дамыту, рухани байлығын толықтыру, кітаптың қасиетін түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: диспут

Көрнекілігі: кітап көрмесі, слайд, нақыл сөздер.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгін біз кітапханамыздың тұрақты оқырмандары 6 сынып оқушыларымен «Білім кілті – кітапта» атты диспут өткізгелі отырмыз.

Тұмсықтының тамағы,

Шоқуменен табылар,

Өнер білім дегенің,

Оқуменен табылар, - деп, Ы.Алтынсарин айтқандай оқу, білімнің бәрін кітаптан аламыз. Кітап - білім мен тәрбие беретін басты құрал. Ол біздің рухани қазынамыз, ақылшымыз, байлығымыз. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда , кітап ұстап, кітаптан білім аламыз.олай болса сіздерді диспуттың шарттарымен таныстырып өтейін.

  • 1. Кіріспе сөз.
  • 2.Кітап туралы нақыл сөздер.
  • 3.Викториналық ойын.
  • 4.Кітап туралы тақпақтар.
  • 5.Қорытынды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.26 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 117

Похожие материалы