Дүниетану. Бос тау жыныстары 3 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жансеитова Жазира Жанабиловна
|
3 сынып
Дүниетану. Сабақ №
Мұғалім: Жансеитова Жазира Жанабиловна
Сабақтың тақырыбы: Бос тау жыныстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос
тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен
таныстыру.Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Тау жыныстары жинағы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
гранит әктас
тұз тас көмір
мұнай газ
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Майда тау жыныстарымен таныстыру.
Құм және саз. ҚҰМ
Олардың түстері, пайдасы. Бос тау жыныстары
САЗ
ҚҰМ ─ Суға ерімейтін берік түйіршіктерден тұрады.Түйіршектердің құрамына қарай түстері де әр түрлі болады.Ақ, қара, сұрғылт, сарғыш. Таза құмнан әйнек дайындайды.
САЗ ─ өте майда тау жынысы. Саз құрғағанда тас сияқты қатып қалады. Суға салса, жібиді, илеуге келеді. Саздан кірпіш құяды, отқа төзімді заттар, бағалы ыдыс─аяқтар, құмыралар жасайды.
Құм
Су өткізеді
Саз
Су өткізбейді.
Тәжірибемен дәлелдеу.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.27 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |