Дүниетану "Суды қорғау" (4 сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Саменова Лаура Сейтахметовна
|
Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау.
Сабақтың мақсаты:Судың ластануы және оны шешу мәселелері туралы білімдері қалыптасады.
Міндеттері:
1.Білімділік. Оқушылар судың ластануы және оны қорғау жолдарын түсінеді. Жергілікті жердегі ауыз су мәселесімен танысады.
2.Дамытушылық. Оқушылар судың ластануы және суды қорғау мәселелерін топта талдай отырып, олардың танымдық қасиеттері және логикалық ой- өрістері дамиды.
3.Тәрбиелік. Отанын, елін және табиғатты сүюге, суды үнемді пайдалануға , ысырап етпеуге тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:АҚТ, топтық жұмыс, ЖИГСО-1, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, экран, проектор, Жергілікті компонент,өлең, аңыз,
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру.Психологиялық ахуал.
2.Проблемалық ситуация.
3.Сергіту сәті.
4.Оқулықпен жұмыс.
5.Жергілікті компонент.
6.Аңыз.
7.Қорытындылау.
8. Бағалау. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.( судың сарқырамасын тыңдату)
2.Проблемалық ситуация тудыру.
Ғалымдар өзеннің түбін зерттеген. Сонда 5 км су түбінен келесі зерттеулер анықталған: 14 үлкен темір плита,16 үлкен труба,34 рельс сынықтары, 27 майысқан қаңылтырлар,43 өрт сөндіргіштер,18 ара темір, 112 шина, 108 шелек,шәйнек, кәстрелдер,36 таба,27 утюк, 2486 сынған бутылка,814 сынған банка, 2214 консерві банкасы және т.б қоқыстарды тапқан.
3. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді 3 бөлікке бөліп, топта талдап, өз пікірлерін ортаға салады. 5мин уақыт беріледі. Сонан кейін топ мүшелері тыңдалынады.
4.Сергіту сәті. Ы. Алтынсариннің «Өзен» атты өлеңінің бір шумағына орай сергіту жаттығуларын жасайық.
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
5. Дәптермен жұмыс.
Суды қорғау үшін:
1.Өзен , көлдерге және жағалауға қоқыстарды тастамау керек.
2. Өндіріс суларын залалсыздандыру қажет.
3.Завод пен фабрикаларда су қондырғыларын орнату керек.
4. Әр адам суды ысырап етпей, үнемді пайдалануы қажет.
6.Жергілікті компонент.
1.Зерттеудің басталуы.
2.Зерттеу нәтижесі.
ØЕкі кенттің де суы аса кермек су.
ØВосход кентінің суы минералдану жағынан жарамсыз, себебі иондардың мөлшері өте аз.
ØВодный кентінің суы микробиологиялық көрсеткіші нәтижесінде жер асты суы ауызсу ретінде жарамсыз екені анықталды.
3. Ұсыныс.
Ø Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына сәйкес қазіргі таңда елімізде “Ақбұлақ” бағдарламасы жүзеге асуда. Осыған орай Водный және Восход кенттеріне орталықтандырылған таза ауыз суымен қамтамасыз етілуі ұсынылады.
Ø Қала әкімі Кәрімов Айбек Мүталапханұлымен кездесуде бұл ұсыныс әкімшілік тарапынан тіркеуге алынып, қолдау тапты.
7.Аңыз- әңгіме.
8. Сабақты қорытындылау.
«Су- тіршілік көзі, ол бар жерде, өмір де бар».
9.Бағалау.
10. Үйге тапсырма. Мәтінді оқып , мазмұндап келу. «Ерке Ертіс» тақырыбына эссе жазу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.15 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |