Дүниетану "Тыныс алу мүшесі" 3-сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Серикова Бибигуль Тулегеновна
|
Дүниетану пәні бойынша 3-сыныпқа арналған
қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшесі.
Мақсаты:Тыныс алу мүшесі туралы мағлұмат ала отырып, адам өміріндегі маңызын білуге мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтижесі:Тыныс алу мүшесінің атқаратын қызметін біліп, өз ойларын дәлелдей алады.
Әдістер: Түрткі сұрақтар, АКТ - бейнекөрсетілім, «Дана үкі»стратегиясы, екі жұлдыз, бір тілек.
Ресурстар:Оқулық, бейнекөрсетілім, постер, интербелсенді тақта, маркер
Блум
таксономиясы
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
3 мин
І. Білу.
5 мин.
Сергіту сәті.
Топқа бөлу.
Тест жұмысын орындау.
1.Тірек, сүйек, қорғаныс – бұл ....
а) қаңқа ә) бұлшық ет б) жүрек
2.Саңылаулар, тер мен май, сипап сезу – бұл ...
а) қаңқа ә) сүйек б) тері
3.Жүрек, күретамыр, артерия – бұл ...
а) қанайналым ә) қаңқа жүйесі б) жүйке жүйесі
4.Сіңір, бұлшық ет жиырылуы, қозғалысқа келтіру - бұл ...
а) тері ә) бұлшық ет б) қанайналым жүйесі
5.Жүрек – бұл ...
а) сүйек ә) бұлшық ет б) мотор
Интербелсенді тақтадағы көрсетілім бойынша сергіту сәтін орындайды.
«Ғалымдар», «Дәрігерлер», «Зерттеушілер» болып
3 топқа бөлінеді.
Оқушылар өздігінен орындайды. Интербелсенді тақта арқылы өзін-өзі тексереді, әр дұрыс жауапқа смайлик алады.
ІІ. Түсіну.
7 мин.
Интербелсенді тақтада бейнематериал көрсетемін.
Оқушылар бейнематериалды көреді де, топта өз ойларын айтады.
ІІІ. Қолдану
3 мин.
*Түрткі сұрақтар:
- Тыныс алу және шығару дегенді қалай түсінесіңдер?
-Тыныс шығару кезінде қолыңды аузыңа жақындат. Не сездіңдер?
-Тынысыңды бірнеше секунд ұстауға тырыс. Не болды?
Оқушылар мәтінді жеке оқиды.
IV.Талдау
10 мин
Оқулықпен жұмыс.
- Жеке оқу.
- Топта талдау.
Оқып болған соң топта талдайды.
V.Жинақтау
15 мин.
«Дана үкі» стратегиясы бойынша топтық жұмыс.
1-топ - «Ғалымдар». Тыныс алу жүйесінің құрылымы туралы
«Сенің организміңе ауаның жасаған саяхаты» - постер қорғау.
Жоспары:
-Өкпе қайда орналасқан?
-Адамда неше өкпе бар?
Тыныс алғанда өкпенің көлемі өзгереді ме? Неліктен?
-Тыныс алу жүйесінің мүшелерін атау және қызметін анықтау. Мұрынның ролі.
2-топ - «Зерттеушілер»
Эссе жазады.
3-топ
«Дәрігерлер» сахналық көрініс.
1-топ оқулықтағы мәтінді оқи отырып, жоспар бойынша сұрақтардың жауаптарын тауып, постер қорғайды.
2-топ
Тыныс алу және тыныс шығарудың қалай өтетінін зерттейді. Дем алу және дем шығару қалай жүзеге асатыны туралы қысқаша эссе жазып қорғайды.
3-топ
Тыныс алу мүшелерін күту жолдары туралы сахналық көрініс көрсетеді.
VI.Бағалау.
5 мин.
Бағалау
Сабақ барысында алған смайликтері бойынша бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.05 Kb |
Количество скачиваний: | 61 |