Доклад "Дети наше будущее"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

                                                                     Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

Арықты орта мектебі

«Балапан» шағын

орталығының меңгерушісі

Такеева Айгерім Қайырлықызы

 

 

Бала біздің болашағымыз

 

 

«Жас-бала-жас шыбық, жас күйінде                                         

қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол

иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс

иіліп қалған десең, сындырып аласың.»

                                                                           М.Жұмабаев

 

            Жас өскіннің бой алып кетуі үшін оның топырағы ылғалды және құнарлы болуы керек. Ал бала жанұяжарасымдылығын көріп,  қаншалықты қажет болса, балаға да отбасы ынтымағы мен әлуметтік жағынан қамтамасыз етілуі соншалықты қажет. Гүл қуат алатын күн шуағы мен таза ауа жеткілікті болса, ол құлпұрып жайнай түседі. Қоршаған ортамен тәрбиешінің оң ықпалындағы жеке тұлға тап сондай күй кешеді.

        Тұлғаның адами кісілік қасиетінің қалыптасуы  мен дене  тұрпаты жағынан өсуі бірнеше факторларға байланысты. Адам-жұмбақ әлем. Көзге көрінбейтін, онша еленбейтін кейбір әрекеттің соншалықты салмағы барын кейде байқамай қалып жатамыз. «Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең» (М.Жұмабаев) екендігін ескерсек, тұнғиық түпсіз тереңге бойлау одан да қиын болатынын сеземіз.

        Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де болашағы да тәрбиелі болашаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы Абай «Адам ата-анада туғанда есті болмайды, естіп,ұстап, татып көріп ескерсе дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп адам білімді болады.»- десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсан, солай тәрбиеленеді»- деген екен. Әрбір тұлғаның тәрбиесі от басынан басталады. Тәрбие ұлттық игі іс-әрекеттер арқылы әдет-ғұрыпқа негізделеді: әдеп, әдептілік негізгі ұлттық қолданысқа айналса, оны халық салт немесе заң дейді. Ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетті өркендеудің қайнар көзі болып табылады. Ұлттық салт- сана, рәміз, кәде, жөн-жоралғы, ырым, тыйым және т.б өмір қолданыстары арқылы іске асырылады. Отбасы тәрбиесі өте күрделі жүйе. «Адам ұрпағымен мың жасайды» десе, мың жасағысы келетін халық атадан балаға ауысатын қара шаңырағын көзінің қарашығындай сақтап, болашағының үздіксіз өркендеуін үнемі қалт жібермей отырған. Отбасының тәрбиесінің ата мен баланың денсаулығы мүшелерінің саны, тұрған жері, бәрі-бәрі әсер етеді..

        Сондай ақ балаларды мектепалды даярлықтан өткізі барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.

Бірінші міндет: әлуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы (ата-ана, тәрбиеші, мұғалім) және өз (1слайд) құрбы-құрдастарымен баланың ой пікірінің қалыптасу мүмкүндіктері көзделеді,өз 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 7.1 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 89

Похожие материалы