Доклад на тему "Қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыстарын ұйымдастыру"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында тілдесім құзіреттілігін қалыптастыруға арналған шығармашылық жұмыстар.

       Шығармашылық жаттығулар –студенттердің кәсіби мәтін мазмұны бойынша кәсіптанымдық ақпараттарды саралап, зерделеу арқылы, өз пікірлерін микротоптың басқа мүшелерімен талдай алу, өзара бірлесе ізденушілік іс-әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру, соның нәтижесінде кәсіби тілдік қатынасқа еркін түсу қабілетін жетілдіруге бағытталған жұмыс түрі.

       Студенттерге қазақ тілін мамандыққа қатысты кредиттік технология арқылы үйретуде шығармашылық жаттығулардың келесі түрлері қолданылды:

      Мысалы, «Есептеуіш техниканың даму тарихы» мәтінімен келесідей  жұмыстар жүргізілді.

       Жаттығудың мақсаты: студенттердің сөздіктермен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру,  кәсіби сөздің мағынасын өз беттерімен ізденіп, түсіне келе, оларды тілдік қатынаста  еркін қолдану дағдысын дамыту.

      Жаттығудың тиімділігі: студенттер кәсіби сөздердің мағынасын ашу арқылы мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге дағдыланады, сөздерді кәсіби тілдік қатынас жағдаятында еркін қолдануға үйренеді.

      Бірінші кезеңде, мәтін бойынша  техникалық терминмен (ұғым) мен кәсіби сөздердің тіркестік байланыстары арқылы кәсіби сөздердің  мағынасын көрсетіп ашу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 101.37 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 109

Похожие материалы