Доклад на тему: "Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделуі"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кадешова Лаура Рамазановна
|
«Табиғатта жерден жұлынып алып, құнарсыз құмға тастаған өсімдіктердің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес»
А.Н. Толстой
Еліміздің қоғамдық әлеуметтік өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін жаңаша ойластыруды талап етеді. Осыған байланысты еліміздің даму стратегиясына сай жас ұрпақтың рухани байлығын одан әрі жетілдіруге, әлеуметтік қорғауға ерекше мән берілуде.Біздің мақсатымызбала жанын түсіну, сезімін, көңіл күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну, оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыдан қолдау. Бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.
Жасөспірім кезеңі 15-16 жас аралығын қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен өтіп, шынайы ер жету шағы. «Жасөспірім»-сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 24.56 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |