Допты қос қолмен жоғары лақтыру,шапалақтап қайта қағып алу.

Предмет: Физкультура
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және физиологиялық қасиетін қалыптастыру.Мектепке дейінгі ересек жастағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:- дене шынықтыру;- валеология. Дене шынықтыруМақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.Міндеттері: - денсаулығын нығайту, балалардың жалпы физиологиялық жетілуін жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоционалды көңіл күй ортасын жасау;- күнделікті өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру;- физиологиялық қасиеттері мен ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту, шыдамдылығын шыңдау;- балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерте отырып, жаңа машықтарды игерту;- балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру, құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау;- жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға бейімделу қабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау;- белсенді қимыл іс-әрекеттеріне және оған қажеттілікке қызығушылықтарын арттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың, негізгі гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.Мазмұны:Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және бекіту. Негізгі қимыл жаттығуларыЖүру:- түрлі қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау;- бүгілген тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып;- заттарды аттап, заттар арасынан;- қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде);- тәрбиешінің белгісімен тоқтап;- қозғалыс бағытын өзгертіп, заттар арасымен;- шашырап, заттар арасымен;- жүгіруді алмастыра;- адымдап алға қарай жүру;- «жыланша» ирелеңдеп;- сызық және шеңбер бойымен қол ұстасып, жіптен ұстап, жіпті басқа қолға ауыстырып қысқа және кең қадаммен;- 3-4 м жерге дейін көзін жұмып жүріп өту.Жүгіру:- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында;- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі бетке бұрылыс жасап;- заттарды аттап, тізені жоғары көтеріп майда және кең қадаммен заттар арасымен;- заттар арасымен шашырап;- «жыланша» ирелеңдеп, кедергілер арасымен;- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып сапқа қайта тұрып;- кедергілерден өтіп;- 1,5-2 мин түрлі жылдамдықпен — баяу, жылдам, орташа қарқынмен тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м;- ұстап және айламен тосып алып;- баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай;- қиылысқан жерге дейін 320 метрге;- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа, арақашықтыққа (ұзындығы 20 м) жүгіру;- бірнеше рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа жүгіруді баяу жүгірумен алмастыру;- мейлінше тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20 метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге);- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып;- екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып (жол бойында кеглиді алу);- ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет).Секіру:- бір орында, алға қарай;- тізенің арасын қос аяқтап қаппен;- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттар арқылы (биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен;- жіптің үстінен;- түзу бағытта (ара қашықтығы 6 м)- оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м);- оң және сол аяғын кезектесіп;- 20 см-ге дейін жоғарыдан;- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы 3-4 м);- бір орыннан ұзындыққа (80 см-ден кем емес);- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см-ден кем емес);- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см-ден кем емес);- шахмат тәрізді қойылған қырлы бөрене арқылы (арақашықтығы 50 см), доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру;- зал ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан 4 м қашықтыққа алға жылжып;- ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ытқып-ытқып, бір аяқтан екінші аяққа алға айналдырып және қос аяқтап ытқып секіруді алмастырып алға, артқа секіру;- теңселіп, айналып, бір орында тұрған секіртпемен;- қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап;- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос аяқтап;- қос аяқтап, аяқтың оң және сол қырымен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып секіру.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.64 Kb
Количество скачиваний: 141
Просмотров: 506

Похожие материалы