Дәруменді өсімдіктер халық игілігіне.

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

                                     Дәруменді өсімдіктер халық игілігіне.

Соңғы кезде ауыл тұрғындары мен қалалықтар қайта өз үйлерінде, не болмаса қала сыртындағы өз саябақтарында жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін отырғызып есік алдын көгалдандырып, бау бақшалықпен айналысып жүр.  Олары өте құптарлық іс.                                                                     Ол бұрыннан, ертеден таныс картоп, алма қарақат, шие, сәбіз, қызылша және басқа түрлер. Солармен қатар осы біздің жақта көп өсе бермейтін тек жабайы далалық орман өсімдіктерін, жоғары дәруменді  жемісті дақылды өсімдіктерді де қолға алып өз қажеттілігімізге пайдалануға болады.  Қанша дегенмен көптеген дала, орман жабайы өсімдіктерінің дәнді жемістері, жапырақтары, әр түрлі адам организіміне өте керек дәруменді заттарға бай ғой. Оны көпшілік толық білмесе де, зерттеліп ғылыми дәлелденген десек те, күні бүгінге дейін олардың құрамын,қалай өсіріп баптап, өнімдерін қандай түрде қолдану керектігін, оларды күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін әлі де дұрыс білмейді. Бұлар жайында талай ғалым биологтер, химиктер тәжірибе тексерісімен өз еңбектерін халық игілігіне қалдырған. Біз сол көп еңбектердің  өзімізге керек, бар дегенін ойдағыдай жарата алып іске асырсақ қандай тамаша болар еді. Ол адамзат ағзасына, денсаулығына барша көмек, қосымша табиғи қорек  дәрі болары анық. Ол талай жылдық тәжірибе тексеріспен дәлелденген.                                                     Дәрумен-ол біздің адам организміне өте керекті әр түрлі  химиялық түрдегі табиғи био заттар. Олардың күнделікті ішіп-жейтін тамаққа қарағанда өте аз мөлшерде  бізге керектігі болса да соның өзінде оның біздің организмнің толық жағдайда жұмыс істеуіне көп көмегі барлығы дәлелденген. Өз денсаулығым өте жақсы, мықты деген адамға тәулігіне не бары бірнеше миллиграм әртүрлі дәрумендер тобы қажет. Олар күнделікті ішіп-жеген аспен келіп сол астардың толық қортылып адам ішкі  құрылысына, клеткаларының  толып бүлінбей өсуіне,барлық мүше организімінің жақсы дамуына көмектеседі. Бүгінде осы дәрумендер  халықаралық бір стандартпен,  өздерінің химиялық структурасына қарай А-ретинол; В1-тиамин; В2-рибофлавин; В3-никотиді қышқыл және басқа В түрлерімен қатар С-аскорбинді қышқыл; F-ерекше майлы қышқыл; Н-биотин және басқа да көптеген түрлерге бөлінеді. Сонымен қатар, олардың провитамин түрлері адам организмінде толық қанды витаминге айналатын түрлері де болады. Осы витаминдердің күнделікті денсаулығы жақсы деген адамның организміне келуі ол солардың әр түрлі ауруларға уақытында қарсы тұруына, жеңуіне көмектеседі. Ал олардың адам организмінде азайып не мүлде жоғалуы  болса организм әлсіреп кейбір ауру түрлеріне әкелуі мүмкін. Біз көбіне сол дайын витамин түрлерін қолданбаймыз. Тек бір  жер ауырып дәрігердің  айтуымен ғана оларды іздеп сатып алып ішуіміз мүмкін. Ал солар көптеген биологиялық активті  заттардың  химиялық  түрінде әр түрлі  жеміс жидектер  мен көкеніс түрлерінде көп мөлшерде кездеседі.                                                                          Қазірде жер шарында экологиялық жағдай мен адамзаттың көбейуінен көптеген орман тоғайлар әр түрлі апаттар мен  адамдардың оны кесіп, тоқтаусыз алуынан азайып барады. Бізде өседі дегендерін жағдай жасап, өз бау бақшаларымызда, үлкен үйлеріміздің алдында өсіріп көбейтіп керегімізге  алып жаратсақ , артыған басқа жұртқа бере, үйретіп, олардың керектігін халыққа жеткізу керек ақ. Біз бұдан жақсылық көрмесек, жамандық көрмейтіндігіміз анық. Ал өнеркәсіпті жағдайда шаруашылықты үлкейтіп бірнеше гектарға отырғызуды қолға алса ол үлкен жұмыс.

 

 Олардың  біздің аймақта бейімделген жоғары витаминді кейбір түрлерін ; шырғанақ (облепиха ), мойыл (черемуха), долана (боярышник), итмұрын(шиповник) т.б. дұрстап отырғызып, күтіп баптаса олардың гектарынан  30-100 центнерге дейін алуға болады  екен. Қандай жағдай болса да ойланып қолға алып, ізденіп өз үй манайларына гүлдер, жеміс- жидектер отырғызып күтіп өсірген,  қай жағынан болса да жақсылығы  бар істердің  бірі болар еді.   Мысалы: Шырғанақ  (облепиха) кішкене тапал тал тектес ағаш, бойының ұзындығы 50-60 сантиметр. Өсімдік екіүйлі, гүлдері ұсақ. Кішкене гүл сабағына  1-10 –ға дейін түйнектене гүлдеп, жемісі өсіп шығады. Ол сәуір айында көктеп, жапырақтанбай не жапырақ пен бірге гүлденеді. Мамыр айында толық түйнектеліп тамыз, қыркүйекте толық жетіліп піседі. Толық пісседе ол өзінен өзі шашылмай көктемге дейін қалуы мүмкін. Шырғанақ өз өнім жемістерін 4-5 жылдан кейін бере бастайды. Жемісі қышқылтым дәмді етті де ортасы сүйекті. Құрылысына қарай бірнеше түрлі; дөңгелек, ұзынша, сопақ, целиндір тәрізді болып келеді. Жемісі де әртүрлі түсте:  сары, қызғылт, қызыл түсті түрінде кездеседі. С витамині бойынша ол өсімдіктер арасында үшінші орында . Ал                       Р- витамині тобының биофлавонойдтарымен  толығып 100-ден 200 мг%  дейін барады . Сонымен қатар оның құрамында тиамин  0,28мг % дейін, рибофловин – 0,38мг% және фолии қышқылы 0,79мг % дейін және майда еритін витаминдер каротинойдтар кездеседі. Осы шырғанақтан май алып көп нәрсеге жаратуға болады . Ол өзінің биоактивті заттарының  құрамы арқасында  өте бағалы саналады. Медицинада жиі қолданады. Сонымен қатар жемісінен компот, варенье, джем істеуге болады. Ал осы шырғанақты  қолға алып өсіретін болса , келешекте жемісін көруге болады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.79 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 117

Похожие материалы