"Дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар" (Математика 5-сынып)

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар

Математика 5-сынып

Нүсіпалиева Гүлзат Карсонқызы

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның

І санатты математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар

Сабақ/ оқу мақсаты:

1. Білімділік: Дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандардың айырмашылығын ажырата білуге баулу. Дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандарға есептер шығару арқылы оқушылардың алған білімдерін тереңдетіп, жүйелеу, пысықтау, жинақтау.

2. Дамытушылық: Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде және аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазуға есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушының ақыл-ойын дамыту арқылы, байқағыштық қабілетін жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу, болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Табиғатқа визуалды түрде серуен жасау арқылы, оқушының пәндік білімін жетілдіру.

Әдебиет: Математика 5-сынып, Т. А. Алдамұратова, Е. С. Байшоланов

Құрал-жабдық: Интерактивті тақта, слайд

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі. (3 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)

3. Раунд робин. (3 мин)

4. Сұрақ-жауап. (3 мин)

5. Есептер шығару. (19 мин)

6. Бағалау. (7 мин)

7. Сабақты қорытындылау. (4 мин)

8. Үйге тапсырма беру. (1 мин)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу. Оқушыларды түгендеу. Көңіл-күйін қандай? - деген сұраққа оқушылар тамаша, жақсы, жабырқау деп жауап береді. Көтеріңкі көңіл күймен саяхатқа шығайық.

Жолға шығу үшін жол дорбамызды дайындайық!

2. Үй тапсырмасын тексеру №489, №490

№489

№490

«Жай бөлшек» теңізмен серуендеуге кемеге отыру үшін келесі тапсырманы орындайық:

3. Раунд робин. Дұрыс бөлшекке кері сан болатын бұрыс бөлшекті кезектесіп ата.

«Дұрыс бөлшек» жағалауына 3 шақырымдай қалды! Ендеше мына сұрақтарға жауап берсек жағалауға жетеміз!

4. Сұрақ-жауап.

1. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

2. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

3. Қандай сан аралас сан деп аталады?

«Дұрыс бөлшек» жағалауы тоқтаңыздар!

Бүгінгі күнді жазыңыздар.

5. Есептер шығару

«Дұрыс бөлшек» бағының қоршауы босап тұр. Босап тұрған қоршауды жөндеуіміз керек.

Дұрыс және бұрыс бөлшектің айырмашылығын көрсет. (Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс).

1. Бұл қоршауда 4 тақтай босап тұр. Оларда бұрыс бөлшектер жазылған. Оларды тап.

2. Дұрыс бөлшектер жазылған тақтайларды алсаң, олардың барлығы орнына түседі.

Дұрыс бөлшектер:

Бұрыс бөлшектер:

Қоршауды жөндеуге көмектескен оқушыға алма береміз, ол достарына сыйлайды.

1. Бұрыс бөлшекке келтір:

2. Бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін тап:

Саябаққа жету үшін бізге берілген мекен-жай қате болып шықты, мекен-жайды дұрыс табу үшін есептің қатесін табайық.

«Аралас сан» саябағына ағаш отырғызайық.

№493

Шағын тест.

І-нұсқа

ІІ-нұсқа

1. Дұрыс бөлшекті анықта:

А) В) С) Д) Е)

2.Бұрыс бөлшекті анықта:

А) В) С) Д) Е)

3. Қысқартуды орында:

А) В) С) Д) Е)

4. Бұрыс бөлшекке келтір:

А) В) С) Д) Е)

5. Аралас сан түрінде жаз:

А) В)2 С) Д) Е)

1. Дұрыс бөлшекті анықта:

А) В) С) Д) Е)

2.Бұрыс бөлшекті анықта:

А) В) С) Д) Е)

3. Қысқартуды орында:

А) В) С) Д) Е)

4. Бұрыс бөлшекке келтір:

А) В) С) Д) Е)

5. Аралас сан түрінде жаз:

А) В)2 С) Д) Е)

І-нұсқа

А

В

С

Д

Е

1

В

2

А

3

В

4

С

5

Д

ІІ-нұсқа

А

В

С

Д

Е

1

С

2

В

3

С

4

Д

5

С

6. Бағалау.

7. Сабақты қорытындылау.

1.Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

2.Жай бөлшектің алымы нені көрсетеді?

3.Жай бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымда.

4.Жай бөлшек қалай қысқартылады?

5.Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

6.Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

7.Аралас сан дегеніміз не?

8. Үй тапсырмасы: №503,504

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1023.6 Kb
Количество скачиваний: 128
Просмотров: 408

Похожие материалы