Әдістемелік оқу құралы.2014-2015 оқу жылы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Әдістемелік   оқу  құралы.2014-2015 оқу жылы

 

Солтүстік Қазақстан  облысы  Ғабит Мүсірепов Атындағы ауданы

Мұқыр ауылы  Жеңіс негізгі   мектебінің   бастауыш сынып  мұғалімі

Базарбаева Айгүл Оразалықызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту

 

барысын  ұйымдастырудың ерекшелігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік   оқу  құралы.2014-2015 оқу жылы

 

 

ШЖМ-тің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 -  2015   оқу жылы

 

         Мен Жеңіс негізгі шағын  жинақты мектебінде  бастауыш сынып  мұғалімі болып 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін.

Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.

 

       Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті көрсеткіші- білім деңгейімен өлше-неді .Сондықтан әлемдік білім  кеңістігіне кірігіп білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отыр-ғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деген екен К. Д. Ушинский.
       Нақты айтқанда,1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдасты-тудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп»ШЖБМ-

те  мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы Жол» жолдауында : Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың  әл-ауқаты мен өмір сапасында  көрініс табады. Ал , ең бастысы-осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.Тек білекті сыбанып ,іске кірісу қажет -  деген.

       Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті көрсеткіші - білім деңгейімен өлше-неді .Сондықтан әлемдік білім  кеңістігіне кірігіп білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отыр-ғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады деген екен К. Д. Ушинский.
    Еліміздің жаңа бағыттағы өзгерістері, қоғамның тез ақпараттандыруы және серпінділігі білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Осыған орай білім беруді жаңғырту педагогтардың өз жауаптылығы мен кәсіби деңгейін ұғынуға және білім үрді-сіндегі әр түрлі мәселелерді шешуге жеке дара қатыстығына тәуелді болып келеді

Білім беру саласындағы басты мақсат – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау, олай болса, шағын жинақты мектептердің ұстанымы да осыған келіп саяды. Бұл мақсатты орындауда шағын жинақты мектептердегі оқыту жүйесін дамыту, соның ішінде оқу-әдістемелік база құру: арнайы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар әзірлеу өзекті мәселелерді шешу қажет.

Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

 

 «Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» оқу құралы Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептердің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған.  Өйткені, кейінгі жылдары елімізде шағын жинақты мектептердің көбейіп келе жатқаны айқын байқалуда. Осыған орай шағын жинақты  бастауыш  мектеп  мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету қажет.

«Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» оқу құралының мазмұны мен құрылысы шағын жинақты бастауыш мектептің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,  бастауыш сыныптар мұғалімдерін кәсіби білім деңгейлерін көтеруге бағытталған.

Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері»  оқу құралы төмендегідей тараулардан тұрады:

- шағын жинақты мектепте  оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері;

     -  шағын жинақты бастауыш мектеп оқшыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру;

Тарауда шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайына талдау жасалып , ШЖМ-те оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне және  ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама сипаттама берілді.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру барысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, сабақ кестесін құру технологиясы мен сабақ жоспарларының үлгісі, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру жолдары баяндалды.

Шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар ұсынылды.Сабақ кестелері мен ШЖБМ-тегі қазақ тілі және  математикадан сабақ жоспарларының үлгілері,  сыныптан тыс жұмысқа арналған тапсырмалар, тест және бақылау жұмысының тапсырмалары берілді.

 

 

 

Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз - балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

        Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

·                    өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

·                    сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

·                    осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден,  3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-10 сабаққа,  олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен  жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

- бір оқу бөлмесінде  күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің  өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

 - егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.

Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.

А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.

Оқыту құралдары

Оқу-әдістемелік құралдар

Көрнекі құралдар

Техникалық оқыту құралдары

Бағдарлама   оқулық

Дидактикалық материалдар

Оқыту әдістемесі

Дидактикалық ойындар

Суреттер

Карточкалар

Кестелер

Перфокарталар

Сызбалар

Санау материалдары

Графопроектор

Үнтаспа

Кинопроектор

Лингофондық құрылыс

Бейнефильмдер

Компьютер

Микрокалькулятор

Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:

1.      Бағдарлама (1-4 сыныптар);

2.      Оқулықтар (1-4 сыныптар);

3.      Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)

4.      Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);

5.      Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар);

6.      №1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып);

7.      Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)

8.      Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар);

ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.

Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз  бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.

Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке  арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.

1964 жылы В.П.Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі  үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.

Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.

Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.

Бұлармен қоса, арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:

1.      Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

2.      Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.

3.      Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың білімдерін  тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.

Практика көрсеткендей, қалыпты мектептерде қолданылатын оқыту, көрнекі құралдарды, жабдықтарды ШЖБМ ерекшеліктеріне сәйкестендіре қолдануға болады. Мысалы, сынып тақтасы, қалталы полотно (өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға болады), карточкалар (мұнда фланелограф не магниттік тақтаға көлемі мен мазмұны әр түрлі тапсырмалар беріледі), тәжірибелер жасау және ірі көрнекі құралдарды пайдалану үшін астына қойылатын (подставка) заттар.

Сабақта үнемі пайдалану үшін суреттер, кестелер, плакаттар алдын-ала ілініп, беті жабылады.

ШЖБМ-те қалыпты мектептерге арналған оқу құралдарын қолданатындықтан, аталмыш мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, типтік оқыту құралдарын толықтырып, сәйкестендіріп, мүмкін болса, күнтізбелік жоспарды сынып-комплектінің ыңғайына қарай қайтадан жасауға, өңдеуге болады.

Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.

Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.

Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.

            Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге  болады.

Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.

Сабақ  кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп  жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант,  қызықты тапсырмалар,  дидактикалық ойындар жүргізуге болады. 

      Көп жағдайларда 2-3 сыныпты  біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді.  Келесі сыныптарда  3-сабаққа ауыстыруы керек.  Мысалы: қатар оқитын  1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының  жас ерекшелігін ескеріп,  1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің  қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау  жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді  бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..

     Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті  8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі  болуына сабақ кестесінің  әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор. Осыған орай қосымша материалдарда бір пәндік жүйедегі сабақ кестесінің үлгілерін ұсынамын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.48 Mb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 172

Похожие материалы