Дәстүрлі күйшілік өнер. 5 сынып. Сабақ жоспары.
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ахметжанова Даурия Берікқалиқызы
|
ІІ – ж/ж Мерзімі: Сыныбы: 2/1
Тоқсандық тақырыбы: Қазақтың аспаптық музыкасы.
Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер.
Сабақтың мақсаты: Халық музыкасы арқылы күйші
сазгерлерге тоқталу , таныстыру ,
насихаттау.
Білімділік мәні : Жан – жақты білімдерін арттырып ,
музыкалық сауаттылығын ашу .
Дамытушылығы: Музыкаға деген ықыласын арттырып,есте
сақтау, есту қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік мәні : Қазақ халқының рухани қазынасы күй
өнерін тыңдату арқылы бойына сіңіру.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ ,түсіндіру , әңгімелеу, әндету ,
сауат ашу , сергіту .
Пәнаралық байланысы: Әдебиет ,тарих , жаратылыстану .
Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:
« Музыка» оқулығы 5 сынып
«Атамұра» бағдарламасы.
Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов. Ж.Сәрсембенов.
№
Сабақ барысы
Уақыты
Жоспары
1
Ұйымдастыру
2 минут
Сәлемдесу,
Әнұран әндету.
2
Өткен сабақты сұрау
4 минут
Халық музыкасы қазынам
23
Жаңа сабақты түсіндіру
10 минут
Дәстүрлі күйшілік өнер
4
Музыкалық тыңдау
3 минут
«Ақсақ кұлан»,
«Сарыарқа».
5
Әндету
8 минут
«Біз шадыман баламыз»
6
Шығармашылық жұмыс
3 минут
Сурет салу, бейнелеу, әңгімелеу.
7
Музыкалық ойындар
10 минут
Әуенді тыңда да тап!
8
Қорытындылау
5минут
Күйшілік өнер
9
Бағалау
3минут
«5», «4», «3».
10
Үйге тапсырма
2 минут
Төкпе және шертпе күй
Сабақтың барысы:
Иә, балалар біздің бүгінгі өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы:
« Дәстүрлі күйшілік өнер».
Музыка аспаптарында орндалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра ,қобыз , сыбызғы , шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен – саз күй деп аталады.
К ү й - бағдарлы мазмұны бар , көркемдігі жоғары аспаптық жанр .Онда табиғат құбылыстары , тарихи оқиғалар , халық мерекелері , жан – жануарлар , аңыз – ертегілер , жеке адамдар , адам сезімдері , түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.
Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз - күйлер , тартыс күйлер ,тарихи күйлер , арнау күйлер , лирикалық күйлер , психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Домбыра күйлері орындалу ерекшеліктеріне қарай т ө к п е
және ш е р т п е деп екі түрге бөлінеді.
Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде , оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбіне жалғыз дауысты болып , оң саусақтарының ұшымен орындалады.
Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нұрпейісова, Оқап Қабиғожин , Науша және Махамбет Бөкейхановтар , Лұқпан Мұхитов , Қали Жантілеуов , Ғылман Хайрошев , Төлеген Аршанов , Смағұл Көшекбаев,Ғабдұлман Матовтардың сіңірген еңбектері ұшан – теңіз.
Музыкалық шығарма тыңдау:
Халық күйі «Ақсақ құлан»
Құрманғазының күйі « Сарыарқа »
Динаның күйі «Бұлбұл»
Музыкалық сауат ашу :
Жай метрлер мен өлшемдер.
Берілген акценті бір үлестен кейін қайталанатын метрді – екі үлесті , ал екі үлестен кейін келетін метрді үш үлесті метр деп атайды. Осындай бір акценті ғана бар метрлер мен оларды көрсететін өлшемдерді ж а й м е т р л е р мен ө л ш е м д е р дейді.
Мысалы : Екі үлесті өлшемдер: 2 ; 2 ; 2;
2 4 8
Үш үлесті өлшемдер: 3 ; 3 ; 3 ;
2 4 8
Дауыс ашу жаттығуларын орындау.
* Дұрыс тыныс алу - әншілік өнердегі басты
алғышарттардың бірі, оларды үнемі орындау қажет.
* Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып тыңда.
* Әнді түзу тұрып немесе түзу отырып орында.
* Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.
* Сөздің ортасында дем алма.
* Әннің сөзіндегі дауысты дыбыстарды және дауыссыз
дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт.
Әндету:
Біз шадыман баламыз
Әнін жазған Ә.Бейсеуов. Өлеңін жазған С.Қалиев.
1. Аппақ , аппақ , қар аппақ ,
Қар жамылған дала аппақ .
Қырау – қырау тал аппақ-
Айналаның бәрі аппақ. 2 рет.
2. Аппақ біздің шанамыз ,
Аппақ қырдан ағамыз.
Сауық - сайран саламыз,
Біз шадыман баламыз! 2 рет.
Қорытындылау:
* Тарихи оқиғаларға арналған ән – күйлерді ата.
* Аңыз – күйлерді білесің бе ?
* Халықтың тұрмыс – тіршілігіне , салт – дәстүріне
байланысты шыққан күйлерді есіңе түсір.
* Аспаптық музыка дегеніміз не?
* Күйдің қандай түрлері бар?
Үйге тапсырма:
* Дәстүрлі күйшілік өнер дегеніміз не?
* Қандай халық күйшілерін білесің?
* Қазақтың музыкалық аспаптарын ата, суретін салу.
Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.69 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |