Двигателдердің механизмдері мен жүйелері
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Капай Жумабай Капаевич
|
Двигателдердің механизмдері мен жүйелері
3.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге двигателдердің механизмдері мен жүйелері туралы мағлұмат беру.
3.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1. Двигательдердің жалпы құрылысы
2. Іштей жанатын поршеньді двигательдің жалпы құрылысы
3. Двигательдің жүйелері
Автомобильдер мен тракторларда қолданылатын двигательдер мынандай бөліктер мен жүйелерден құралады: кривошипті-шатунды және газ тарату механизмдері, қоректендіретін, майлайтын, суытатын жүйелер және оталдыратын қондырғы.
Кривошипті-шатунды механизм ілгері-кейінді бағыттағы түзу сызықты қозғалысты айнымалы қозғалысқа түрлендіру қызметін атқарады. Бұл механизм сақиналы поршеньдерден, подшипниктері бар шатун мен оның саусағынан, тірек подшипниктері бар иінді біліктен, бір блокқа біріктірілген цилиндрлер блогынан, цилиндрдің үстін жауып тұратын цилиндрлер басынан және маховиктен құралған.
Цилиндр ішінде бітегіш және май сыдырғыш сақиналары бар поршень ілгері-кейінді бағытта қозғалыс жасайды, ал цилиндрдің басында газ тарату механизмі орналасқан. Сол арқылы цилиндрдің поршеньмен шектелген көлемі сыртқы ауамен қатынас жасайды. Ол двигательдің жұмыс тәртібіне байланысты жабылады немесе ашылады.
Двигательдің жұмыс тактісіне байланысты цилиндрді ашып немсе жауып отыру қызметін газ тарату механизмі атқарады. Газ тарату механизмі клапандардан, жұдырықты біліктен және қозғалтқыш механизмнен құралады.
Жұдырықты білік жұмыс кезінде иінді білік арқылы қозғалыс алады да айналып тұрады.
Оның бойындағы жұдырықшалар, өзімен жанасып тұрған итергішті ілгері-кейінді қозғалысқа келтіреді. Ондай қозғалысты қозғалтқыш механизм клапандарға жеткізеді. Қозғалтқыш механизм итергіштен, штангадан, күйентеден құралады. Күйенте ортасы оське бекітілген екі иіннен тұрады. Күйенте иіндерінің бір жағы штангага, екінші жағы клапанға тіреледі.
Двигательдің қоректендіру жүйесі сору түтіктері жатады. Ауа тазартқыш двигатель ішіне сорылып ауаны шаңнан мұқият тазартады. Тазарған ауа сору түтіктері бойымен сору клапаны арқылы цилиндр ішіне кіреді. Кейбір двигательдерде сору тактісі кезінде ауаны қысым арқылы айдап өткізеді. Сол үшін арнаулы трубокомпрессорлы двигательдер деп атайды. Бұл кезде де ауа мұқият тазартылады.
3.3Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Іштей жанатын двигательдің жалпы құрылысын айтып беріңіз?
2. Иінді-шатунды механизмі қандай қызмет атқарады?
3. Тұтату жүйесі қандай двигательде қолданылады?
3.4Әдебиеттер:
1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).
2. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 147 Kb |
Количество скачиваний: | 66 |