Здесь была ссылка на работу «Егеменді еркін ел» автора Тлеукабылова Жулдыз Тлековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Егеменді еркін ел. Мақсаты: Білімділік: Еліміздің егеменді еркін ел болғаны ,қай уақыттан бастап тәуелсіз мемлекет болғаны туралы мағұлмат беру. Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, жүйелі мазмұндау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, ел бірлігін сақтауға тәрбиелеу. Сабақ түрі: Аралас сабақ Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, Миға шабуыл, ББҮ- әдісі Көрнекілігі: Интерактивті тақта Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Әнұранды айту. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Алма теру» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: - Қабанбай батырға қандай жанама аттар берілген? - Қай ханның тұсында әйгілі болған батыр? - Қабанбай батыр қай жылдары өмір сүрді? - Арқауыл батырдың Қабанбай батырды жекпе-жекке шақыру мақсаты қандай еді? - Қабанбаймен бірге соғысқан қандай батырларды білесіңдер? - Қабанбай жаудан тағы қандай жерлерді азат етуді ойлады? ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Егеменді еркін ел. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Миға шабуыл жасау әдісі: Қазақстан Республикасы жайлы өлеңдер оқу. «Республикама қарашы». 1922жылы құрылған КСРО 1991 жылы өмір сүруін тоқтатты. Бұрын 1991 жылға дейін Қазақстан Республикасы КСРО деп аталған ірі империяның құрамында еді. 1980 жылдардың жартысынан басталған демократиялық ( «халық билігі«грек тілінен аударғанда) қайта құрулар Кеңес Одағына үлкен өзгерістер әкелді. Халықтан жасырған тарихи шындықтар ашылды. Адамдар өз ойын ашық айтады. 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының егемендігі туралы«Декларация қабылданды.Қазақ жастарының Кеңестік жүйеге қарсылығы алғаш рет Целиноградта (Астана) өткен еді. Неміс автономиясының құрылуына қарсы шықты.Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалды. КСРО-ның отаршылдық, әміршіл—әкімшіл саясатына қарсы қазақ жастарының келесі ірі наразылық қимылдары –1986жылғы желтоқсан қозғалысы.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады..Бұл ғасырлар бойы қазақ тарихындағы аңсаған арманның орындалған күні болды. Екі ғасыр Ресей империясының отары болған, жетпіс жыл бойы Кеңес Одағының қысымын көрген Қазақстан үшін бұл күн ұлы мереке.Тәуелсіздік алып, ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік туын биікке көтерді. Бұрын Қазақстан шет елдермен тікелей байланыс жасай алмайтын. Тек Одақ атынан ғана түрлі іс—шараларға қатысты. Сергіту сәті: Оқулық бойынша түсінік беру. Дауыстап тізбектей оқыту. VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Топтық жұмыс: Әр топқа мемлекеттік рәміздер (ту, елтаңба, гимн) осылардың әрқайсысы жайлы мәлімет беру тапсырылады. Сандар сөйлейді: Тақтада көрсетілген сандарда не болғанын оқушылар айтады. VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. ББҮ- әдісі арқылы сабақты қортындылау. VІІІ . Үйге тапсырма беру кезеңі: 167-169-беттерді оқу,мазмұны. Шығарма «Менің елім». ІХ.Бағалау.