Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Айтимова Нургуль Бахытжановна
|
Күні: 14.04.2015 жыл.
Пәні: Математика
Сыныбы: 6а
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.
Сабақтың мақсаттары: екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу дағдыларын қалыптастыру. Рационал сандармен берілген пропорциялық теңдеуді келтіріп шеше білуді қайталау.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: графиктер, формулалар жазылған кесінділер, карточкалар, логикалық тапсырмалар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану, практикалық жаттығу жұмыстарын орындату, диктант өткізу. әңгімелеу, баяндау, практикалық сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақ барысы:
¨ Ұйымдастыру кезең і
¨ Логикалық тапсырма шешу.
¨ Өткен сабақты қайталау.
¨ Жаңа сабақты түсіндіру.
¨ Жаңа сабақты меңгерту есептерін шығарту
¨ Тест.
¨ Жаңа сабақты бекіту.
¨ Үйге тапсырма беру.
¨ Сабақты қорытындылау, бағалау.
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Логикалық тапсырма.
Төмендегі сөздердің біреуі басқалардан бөлек. Ол сөз қайсысы?
А) алма в) қарбыз
С) помидор д) асқабақ жауабы: алма.
© екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтады?
© Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, осы теңдеулер жүйесінің неше шешімі болады?
© Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шешімі болмайды? Шексіз көп шешімі қандай жағдайда болады?
Тақырыптың алдын ала тапсырмасында
Х-у=29 (1)
2х+7у=112 (2) теңдеулер жүйесін (1) теңдеудегі х-ті у арқылы өрнектеп алып, оны (2) теңдеуге қойып, бір айнымалысы бар теңдеуге келтіріп шешу тәсілі көрсетілген. Сонда
х=29+у
2(29+у)+7у=112
бұл алғашқы берілген теңдеулер жүйесімен мәндес теңдеулер жүйесі. Осыдан у=6; х=35 шығады. Осы көрсетілген реттілікпен
х+у=1
5х+3у=37 теңдеулер жүйесін шешу оқушыларға тапсырылған. Жауабы; (17;-16)
тақырыптың қысқаша мазмұны.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешуді мысал емсептерді шығарудан бастау дидактикалық тұрғыдан көрнекіліктерді пайдаланумен бірдей нәтиже береді. Мысалы,
2х+у=11 у=11-2х
5х-2у=5 5х-2(11-2х)=5
5х-22+4х=5
9х=27
х=3 у=11-2·3=5 жауабы: (3;5)
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу үшін:
© Теңдеудің біреуіндегі бір айнымалыны екіншісі арқылы (х-ті у арқылы немесе у-ті х арқылы) өрнектеу керек;
© Табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек. Сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу шығады.;
© Шыққан бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешіп, ондағы айнымалының мәнін табу керек;
© Табылған айнымалының мәнін екінші айнымалыны табу өрнегіндегі орнына қойып, екінші айнымалыны табу керек.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің біреуіндегі айнымалының коэффициенті 1-ге тең болған жағдайда берілген теңдеулер жүйесін шешу үшін алмастыру тәсілін қолданған тиімді.
І деңгейлік тапсырмалар
№1497 теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңдер.
Х-у=2 х=2+у
2х-3у=-1 2(2+у)-3у=-1 2+2у-3у=-1, -у=-3, у=3, х=5
жауабы: (5;3)
№1498 теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңдер.
4х+3у=5 у=-5+2х
у-2х=-5 4х+3(-5+2х)=5
4х-15+6х=5 10х=20 х=2
у=-5+4 у=-1 жауабы: (2;1)
№1499
2(х+у)-х=-6 2х+2у-х=-6 х+2у=-6 х=-6-2у
3х-(х-у)=0 3х-х+у=0 2х+у=0 2(-6-2у)+у=0
2(-6-2у)+у=0
-12-4у+у=0
-3у=12
у=-4 х=2 жауабы: (2;4)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 1.34 Mb |
Количество скачиваний: | 60 |