Экспериментальный урок на тему "V топ элементтері"

Предмет: Химия
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Топтар

Тігінен орналасқан элементтердің қатарын топтар деп атайды. Периодтық жүйеде сегіз топ бар, олардың нөмері рим сандарымен белгіленген. Топ нөмері элементтің ең жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес келеді. Фтордың тотығу дәрежесі әрқашан -1-ге тең, мыс,күміс,алтынның тотығу дәрежелері +1,+2,+3-ке тең, ал VIII топ элементтерінен +8 тотығу дәрежесі тек осмий, рутений, ксенонға тән.

Әрбір топ-негізгі(A) және қосымша (Б) деп екі топшаға бөлінеді. Негізгі топшаны табиғи ұялас элементтер құрайды;оған типтік элементтер (II және III период элементтері) және химиялық қасиеттері соларға ұқсас үлкен периодтардың элементтері кіреді. Қосымша топшаны үлкен периодтың элементтері –металдар ғана құрайды.

VIII топ қалған топтардан ерекшеленеді. Инертті газдарың негізгі топшасынан басқа, онда үш қосымша топша бар: темір топшасы, кобальттопшасы, никель топшасы, оларда көлденіңінен алғанда триада деп атайды, мәселен, темір триадасы: Fe,Co,Ni.

Негізгі және қосымша топша элементтері химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, VII топтың негізгі топшасын бейметаллгалогендер:F,Cl,Br,I,At, ал қосымша топшасын металдар:Mn,Tc,Re Топшалар өзара ұқсас элементтерді біріктіреды.

Бір топта орналасқан элементтер ұқсас отттекті қосылыстар түзеді. Периодтық жүйеде әрбір топтың астында элементтердің жоғарғы оксидтерінің жалпы формуласы берілген: R2O,RO,R2O3, RO2,R2O5,RO3,R2O7,RO4 мұндағы R сол топтың элементі. Жоғарғы оксидтерінің формулалары топтың барлық элементтеріне қатысты, тек қана элемент топтың нөмеріне тең тотығу дәрежесінкөрсетпейтін кезде ғана бұл формула сәйкес келмейді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 79.98 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 186

Похожие материалы