Ел ағасы Зейнолла Шаймұханбетұлы
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Клышбаев Cерик Егинбаевич
|
Текті тұлға
Өмірден өтті бір пенде. Қарапайым ғана адам. Еңбегімен еліне сыйлы, аса кішіпейіл, азаматтығы басым, өзін емес, өзгенің қамын ойлағыш шынайы адал жан еді.
Ақырын жүріп, анық басқандықтан халқына қадірі асқан қандай жайсаң еді?Ол
-Зейнолла Шаймұханбетұлы еді.Кеңестік дәуіріндегі қате жазылған төлқұжаты бойынша Шаяхметов. Ел оны есіне осы тегімен жаттап қалған.
Зейнолла адал терімен туған еліне қалтқысыз қызмет еткен жылы жүректі жайсаң еді. Торғай өңірінің Аманкелді ауданында Абай атындағы кеңшардың қазығын өз қолымен қағып, жиырма жыл басқарды. Құмкөшу деген жерде алғашқы қазық қағылады. Күндіз бір төбе, түнде жел айдауымен басқаша жылжып жал-жал боп жататын сиқырлы құмды аймақта құрылыстың ірге тасын қалаудың қияметін айтпаңыз. Әйткенмен, Зейнолла ойға алғанын тиянақтап тынды. Сол қалашық әлі күнге Торғай облысы тарап, жалпы ел сырдаң тартқанымен, құмда өскен гүлдей көз арбайды. Ықылас нұрымен суарылғандықтан болар, әр жүрекке жақын, етене боп кеткен. Азаматтың арымен, жанымен тұрғызылғанды адамдар ұмытпайды екен. Торғай өңіріндегі Зекең іздері бүгінде сайрап жатқандай. Ер өлсе де еңбегі еленіп, ескеріліп жүреді екен.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 5.03 Mb |
Количество скачиваний: | 4 |