Ел экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттырудағы қаржы жүйесінің ролі
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Мукадил Жадыра Ерболатовна
|
Ел экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттырудағы қаржы жүйесінің ролі
Қаржы жүйесі дегеніміз – ерекше экономикалық қатынастар негізінде құрылған ақшалай қордың қалыптасулары мен жұмсалуларын ұйымдастырушы органдар жиынтығы болып табылады.
Сенімді әрі берік қаржы жүйесі жалпы экономиканың өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы, сонымен қатар нарықтық экономиканың дұрыс қызмет етуінің маңызды бөлігі болып табылады. Қаржы жүйесі қоғамдық жинақтарды жұмылдыру мен бөлу және оның күнделікті операцияларын жеңілдетуші тұтқа негізі болады. Мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылымы дұрыс әрі орнықты болса, ақша нарығы мен капитал, әсіресе мемлекеттің бірінші және екінші нарықтық бағалы қағаздары өсуі орын алады.
Мемлекеттің қаржы жүйесі экономикалық мағынада қаржылық –экономикалық институттардың жинағын білдіреді. Ал құқықтық мағынада қаржы жүйесі ретінде мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде (қаржылық мекемелер мен бөлімдері, салық органдары, мемлекеттік банк, мемлекеттік сақтандыру компаниялары) түсіндіріледі.
Қаржы жүйесі уақытша бос капиталы бар агенттерден капиталдың дефициті сезілетін салаларға экономикадағы ресурстарды қайта бөлуде маңызды рөл атқарады. Мұндай қайта бөлу процесі негізінде жаңа өндіріс пен инновациялардың дамуы мен бәсекеге қабілеттігін арттыру,а бағытталған.
Осындай жолмен өаржы жүйесі экономикада бірқатар маңызды функциялар атқарады: жинақтарды жұмылдыру (мобилизация), қаржы ресурстарын өнімді инвестицияға бағыттау, хеджерлеу мен диверсификация негізінде тәуекелді трансформациялау және тб.
Қазіргі кезе экономикалық зерттеулер жүргізушілердің көп бөлігі елдегі қаржы жүйесінің жалпы құрылымы мен дамуы экономикалық даму темпімен тығыз байланысты екенін тұжырымдайды.
Жалпы экономист-зерттеушілер қаржы жүйесін екі типке бөліп қарастырады: нарыққа бағдарланған және банкке бағдарланған. Олар ел экономикасын дамытудың тұтқасы деп есептейді. Алайда кейбір зерттеушілердің пайымдауынша қаржы жүйесінің ел экономикасын арттырудағы әсері ең бірінші кезекте ішкі инвестиция көзддері болып табылады. Мұндай жағдайда негізгі күш едің ішкі капиталын және институционалды инвесторларды тарту мүмкіндігі, ел экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландырумен қамтамасыз ету, халықтың және кәсіпорындардың жинақтарын тарту, сонымен бірге даму жолының альтернативті көздерін қарастыру орын алады. Және де сақтандыру компаниялары мен инвестициялық қорлардың институционалды қаржыландыруын да атап өтуге болады.
Қаржы жүйесінің дамуы ел экономикасының дамуына да үлес қосатынын тарих беттерінен де көруге болады. Ол көптеген Еуропа елдерінде ірі инвестицияларға капиталды жинақтауды жеңілдете отырып индустрализациялануына септігін тигізді.
Қаржы жүйесі тәуекелдерді біріктіру мен диверсификациялауға әсерін тигізуі мүмкін. Қаржылық даму экономиканың тұрақсыздығын азайтуға үрдісті келеді. Бұл елдегі экономикалық шоктар мен бәсекеге қабілеттіліктің төмен деңгейі халықтың кедей бөлігінің санын арттыратындықтан, оларды сақтандырудың маңызды механизмі болып табылады. Қаржы жүйесі әлсіз дамыған көптеген елдер банк қызметіне шектеулер қояды, қаржы жүйесінің әлсіздігімен қатар елдегі коррупция деңгейі арасындағы байланыс жоғары. Мұндай жағдайлар әрине ел экономикасына кері әсерін тигізіп, оның әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілік деңгейін төмендетеді.
Мемлекеттік қаржы, яғни ең алдымен мемлекеттің бюджет жүйесі, нарықтық экономикада ел экономикасының даму темпінде негізгі әсер еткіш құрал деп есептелінеді. Бюджетке кірістерді жинақтау арқылы мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қаржылық мүмкіндіктеріне салық алу, салық ставкалары мен керек болған кездерде жеңілдіктер беру арқылы әсер етеді. Бюджет экономиканы дамыту мақсатында шығынды азайтып, қаражаттарды қайта бөлуде ерекше орын алады. Себебі бюджеттің көмегімен экономиканың өсуі мен бәсекеге қабілеттігін жоғарылатуын тездетуге әсер ететін арнайы экономикалық зоналарды құрайды. Бірақ аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін бюджет алдымен ғылым және қоғамдық шығындарды қаржыландыруда жоғары орынды иеленеді. Сонымен қатар бюджет білікті кадрларды даярлауды, денсаулық сақтауды, қоршаған ортаны қорғау және басқа да салаларды қаржыландырады. Әрине бюджеттегі жұмсалымдар экономика мен қоғамдық саланың дамуына өз үлесін қосады.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері қаржы жүйесін жетілдіруге көптеген іс-шаралар ұйымдастырылу үстінде. Тәуелсіздіктегі 20 жыл ішінде Қазақстанның жеткен ірі жетістігінің бірі – экономиканың динамикалық дамуы. Елдегі шағын және орта бизнестің, өнеркәсіп саларының бәсекеге қабілеттігін арттыруға, қаржы жүйесін жетілдіруге барлық жағдай жасап келеді. Оның нәтижесі ретінде аталған жыл ішінде елдің ЖІӨ–і 12 есеге өскен. Елдің банк жүйесі мен бағалы қағаздар нарығы да өз қызмет ету аясын кеңейткен. Республикада (ТМД–дағы алғашқылардың бірі болып) жинақтаушы зейнетақы жүйесін іске асырған. Мысалы қазіргі таңда елдегі жалпы зейнетақы салымдары 2 трлн тенгеге жеткен.
Жалпы айтқанда Қазақстанның бүгінгі қаржы жүйесі елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін құраушылардың бірі болып келеді. Жаңа қаржылық өнімдер мен қызметтер, технологиялар мен инновациялар (халықаралық стандарттар, Базель ІІ, Еуроодақ директивалары, корпоративті басқару) енгізілген.
Қазақстан ел экономикасының одан ары дамуы үшін ішкі инвесторлардың капиталын тартуды жетілдіруге атсалысуда. Ел Президенінің халыққа жолдауында елдегі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық көтерілім – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» туралы атап кеткен болатын. Басты назарда қор нарығын дамыту шаралары алынған. Қор нарығының дамуы Қазақстанның Азианың жетекші он қаржы орталықтарының бірі және Алматыны ТМД мен Орталық Азиядағы исламдық банкингтің регионды центріне айналдыру мақсаты көзделген.
Осындай шараларды атқару арқылы Қазақстан ел экономикасын бәсекеге қабілетті деңгейге көтеруді көздеп отыр.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 37.44 Kb |
Количество скачиваний: | 4 |