«Ел тірегі- Елбасы» 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік сазды кештің бағдарламасы
Предмет:
|
Классному руководителю
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Рамазанова Асел Саматовна
|
Здесь была ссылка на работу «Ел тірегі- Елбасы» 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік сазды кештің бағдарламасы автора Рамазанова Асел Саматовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
«Ел тірегі -елбасы» мерекелік сазды кештің бағдарламасы Мақсаты: а) Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру; ә) Жасөспірім балалардың интеллектуалдық қабілеттерін қазақтың дара тұлғаларының жалынды жырлары арқылы дамыту б) Оқушыларды елін, Отанын сүюге, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап жеткен егемен ел болуының қаншалықты қымбатқа түскенін түйсіне отырып, еліміздің Тәуелсіздігін құрмет тұта білуге тәрбиелеу; Әдіс-тәсілдері мен көрнекілігі: жатқа монолог, өлеңдер оқыту, деректі фильм көрсету, сахналық қойылымда рөлдік ойын беру, плакаттар, ән-күй мен би шығармаларымен көркемдеу т.б. 1 жүргізуші: Серпігенде бодандықтың тұманын, Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім. Өзің болдың көшбасшысы елімнің, Өзің болдың биік ұшқан қыраным. 2 жүргізуші: Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген Лебізіңнен ал арманы өрілген. Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп, Достық әні шарықтайды төрімнен! 1 жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті көрермен қауым, Биыл елімізде алғаш рет 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі өзінің жеке Әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор. 2 жүргізуші: Кеңес үкіметі күйреген шақта, жерінің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп көтере отырып, тәуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін құра білді. Күрмеуі көп қиын шақта, соқтықпалы, соқпақсыз кезде өзіне сенім артқан жұртын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеген һәм дамыған әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президенттің орны ерек. 1 жүргізуші: Олай болса бүгінгі тұңғыш президент күні мерекесіне арналған «Ел тірегі - Елбасы» атты сазды кешімізге қош келдіңіздер! ( Әнұран айтылып, Ту әкелінеді) 2 жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегі ауылымыздың әкімі Искалиева Любовь Меңдешқызына беріледі 1 жүргізуші: Құттықтау сөз Теректі аудандық «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мукашев Вячеслав Уфичке беріледі. 2 жүргізуші: Теректі аудандық мәслихат депутаты Мадиев Сәлімбай Абылайұлына беріледі. (Үшқоңыр әні жіберіледі) 2 жүргізуші: Құлыптаулы сыры ашылды бәрінің, Кілттеулі болып келген еді әлі күн... Ақ тілеумен күткен еді бұл қазақ, Елдің жүгін көтеретін Нар Ұлын! 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. 1 жүргізуші: Бұл заман әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті. (слайд көрсетіледі) 2 жүргізуші: Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған ән «Үш бақытым». Орындайтын кешегі өткен аудандық «Қадыр оқулары» байқауының жүлдегері, жас әнші Аманбол Еламанов Қазақ биімен сахнаға мың бұралған биші қыздарыңыз Мұхамбетова Ұлдайды шақырамыз! 2 жүргізуші: Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді. 1 жүргізуші: Абылайдан кейін қолымыздан сусып кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу үшін, халықтар достығын, татулықты, ынтымақтастықты күшейтетін елді бастар ер керек еді. Еңселі ел болу елін дауға, жерін жауға бермейтін білікті басшы керек еді. Ғасырлар бойы күрестер мен жеткен тәуелсіздікті баянды ету – Нұрсұлтандай Елбасымыздың еншісіне тиді. Сөйтіп,1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР-ның Тұңғыш Президенті болып сайланды. 2жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаев тұсында жеттік. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ: (видео көрсетіледі) Ән «Көк тудың желбірегені» сахна төрінде Азамат Кеңесов . Қарсы алыңыздар!
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
2.84 Mb
|
Количество скачиваний:
|
36
|
Просмотров: 141
Похожие материалы