«Электрондық қор: оқулық, құрал тағы басқа жасақтау технологиясы» атты облыстық семинар тақырыбы:«Электрондық оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру талаптары»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Электрондық оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру электрондық оқулық пен ақпараттық коммуникациялық мүмкіндіктердің барлығын дерлік қамти алады. Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар: дидактикалық, методикалық, бағдарламалы – техникалық, психологиялық және т.б        1. Электрондық оқулықты қолдануға қатысты оқудың ғылыми деңгейіе талап дегеніміз :Біріншіден соңғы ғылыми жетістіктерге сәйкес оқу материалы мазмұнының жеткілікті дәрежеде терең , әрі толық болуын қамтамасыз ету. Оқудың ғылыми деңгейі принципін жүзеге асыру үшін қажет:

·                   Сәйкесінше оқу пәнінің логикасы басшылығымен оқу пәнінің қажетті мазмұнын реттеу принциптерін табу.Әрбір оқылатын жаңа пән немесе құбылыстың диалектикалық сәйкестік негізінде қамтамасыз ету , яғни оның дамуына қатысты басқа  әр пән немесе құбылыстар арасындағы байланыс.

Білімді дұрыс меңгеру үшін   оқылатын ғылым саласына сәйкес термин , анықтамалар, ғылыми түсініктер қалыптастыру  және сол терминдерге дәл анықтама беру шарттарын қамтамасыз ету;

·                   Түсіндірілетін құбылыстың мағынасын толық ашу;

·                   Ғылыми ізденіс тәсілдері жөнінде мағлұмат беру;

   2. Электрондық оқулық көмегімен жүзеге асырылатын оқудың  қолжетімділік талабы дегеніміз, яғни теориялық күрделілік дәрежесін анықтау және оқушының индивидуалдылық , жас ерекшеліктеріне сәйкес  оқу материалдарының тереңдігін  анықтау қажеттілігін білдіреді. Оқушының қабылдауы мүмкін емес шектен тыс күрделі  материалдар жіберілмеуі тиіс.

Қолжетімділік принципі мен  ғылымилық принциптерін бірге қарастыруымыз қажет.Осы екі принципті өзара байланыстыра қарастырған жағдайда ғана алға қойылған талаптарды жоғарғы деңгейде орындай аламыз. Сонымен қатар ақпарат көрсетудің түрлі формаларын қолдана отырып жеткізсе, жай ойлайтын немесе есте сақтау қабілеті нашар оқушыларға қатысты төмен темппен және қайталауды жүзеге асыратын болса, кей күрделі материалдарды  жақсы меңгеруге  әсер етеді.

3. Оқудың проблемалылығын қамтамасыз ету  талабы- бұл сол пән саласында  оқу материалын толық танып-білуіне негізделген. Егер оқушы өзі шешуге міндетті проблемалық жағдайға кезіксе, оның ойлау белсенділігі артады. Қарапайым оқулықтарға қарағанда электрондық оқулық көмегімен дидактикалық талаптарды орындау   дәрежесі неғұрлым жоғары.

4.Оқулықтың сырт бейнесін, көріністілігін қамтамасыз ету талабы дегеніміз бұл оқу материалын қабылдауға әсер ететін көріністік моделін дұрыс ұйымдастыру, материалды жоғарғы деңгейде меңгеруіне әсер ететін талаптардың бірі. Негізінен бұл принцип нақтылықтан  абстракталық тануға дейінгі жол ретінде түсіндіріледі. Сезімдік тану сыртқы әлемдегі құбылыстар жөніндегі барлық білімдер көзі болып табылады. Дегенмен осы сезімдік танудың өзі абстракталы ойлауға бағытталған. Сол себепті сырт көрініс принципі бұл жағдайда  нақты және абстракталық ойлаудың бірлігі ретінде қарастырылады. Бұл принцип нақты мен абстракталық арасындағы кеңістікті толықтырады, дәл шынайы объектілер шартты белгіленулер көмегімен, әртүрлі графиктер, графиктік схемалар, карта, диаграммалар көмегімен түсіндіріледі.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 235 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 203

Похожие материалы