Здесь была ссылка на работу Электронное обучение Е-Леарнинг автора Мамедов Абдумислим Хамидович.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Электрондық оқыту жүйесінің негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру механизмдеріЭлектрондық оқыту жүйесінің мақсаты мен міндеттері: Орта білім беру үшін электрондық оқытудың бірыңғай жүйесінің мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу жеткілікті: - Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту; - Білім беру ұйымдарының технологиялық инфрақұрылымын дамыту; Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту; - Сандық білім ресурстарын дамыту; - Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау. Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту Электрондық оқыту жүйесінің қызметін қамтамасыз ету үшін келесі бағыттар бойынша нормативтік-құқықтық базаны жасау талап етіледі: - Оқушылардың қорытынды аттестациясының нәтижесін негізге ала отырып, электрондық оқыту жүйесін ұйымдастырудың нормативтік базасын жасау; - Қолданыстағы мемлекеттік білім стандарттары мен оқу бағдарламаларына АКТ-ны қолдану негізінде пәндер бойынша оқушылардың біліміне, біліктілігіне және дағдысына қойылатын талаптарды енгізу; - Білім беру ұйымдары үшін электрондық оқыту жүйесінің программалық және техникалық қамсыздандыру тізімімен ұсынылған талаптарға сәйкес бірыңғай корпоративтік стандарт жасау; - Электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін пайдаланушылардың ұжымдық және жеке жұмыс тәртібін құру; - Таратуға жіберілген сандық білім ресурстарын қолдану бойынша әдістемелік нұсқау қорын құру; - Сандық білім ресурстарын қолдану үшін әдіскерлер мен оқытушыларды кәсіби және кадрлардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыруға даярлау жүйесін құру, - АКТ-ны қолдану арқылы оқытушылардың жасаған үздік оқу материалдарын тарату механизмін құру; - Сандық білім ресурстарын құру, талдау және тарату; - Сандық білім ресурстары бойынша эксперттік кеңес жұмысын ұйымдастыру.