Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

   № 4 сабақ

Сабақтың тақырыбы. : Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар

 

Сабақтың мақсаты:

 а) Білімділік: -Эпостық аңыздардың тарихи маңызы және XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жазушылардың шығармалары, ерекшеліктері, маңызы жөнінде оқушыларға түсінік беру.

ә) Дамытушылық: Халық шығармашылығы дәстүрлерін қазіргі әдеби дәстүрлермен тығыз байланысты қарастыру.

б) Тәрбиелік: Халық шығармашылығы, оның тарихи маңызы жайында жан-жақты әңгімелей отырып, оқушыларды әдебиет пен өнерді сүюге,рухани ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО жобасымен

Сабақтың көрнекілігі: Ақын жыраулардың портреттері, мултимедиалық тақта, үнтаспалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка.

 

Сабақтың барысы:

                        I.Қызығушылықты ояту.

                       II.Мағынаны тану.

                      III. Толғаныс.

 

Сабақтың жоспары:

1.     Эпостық аңыздар.

2.     XV-XVI ғасырлардағы ақын-жыраулар.

а) Сыпыра жырау.

ә) Асан қайғы

б) Сүйінші Қазтуған.

в) Доспамбет жырау.

г) Шалкиіз жырау.

3.     XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулары.

а) Жиембет Бортоғашұлы.

ә) Марғасқа жырау

б) Ақтамберді Сарыұлы

в) Тәтіқара ақын.

г) Үмбетей жырау.

д) Бұқар Қалқаманұлы.

 

I.Қызығушылықты ояту.

   а) Ойқозғау.

   1. Жыраулар деген кімдер?

   2. Қазақ ертегілері неше түрге бөлінеді?

   3. Тарихи оқиғаларға байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

ә) Біздің қазақ сахарасында рухани өмірдің өзіндік ерекшеліктері көп еді. Кең даладағы көшпенді тірлік, тұрмыстық-қоғамдық өзгешілік сөз өнерінің соны сыпатты қалыптасуына себеп болғанды. «Өнер алды –қызыл тіл, ал тіл шұрайы өлең сөз» деп танылды. Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан поэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы емес, ең басты жанры қызметін атқарады. Қазақ атымен аталатын дербес әдебиеттің алғашқы өкілдері, өз кезінде бүкіл Дешті-Қыпшаққа даңқы жеткен Асан Қайғы, Қодан тайшы, Қазтуған жыраулар мұрасын біз жаңаның басы ғана емес, көненің жалғасы деп те қарауға тиіспіз.

Елге ұйықты, ер-азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін де айқындап кетті. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аңыз кейіпкеріне айналдырған, ал Шоқан Уәлиханов «көшпенділер философы» атаған Асан Қайғы өз заманының үлкен ойшылы еді.Сахара эпосын тудырушылардың бірі- ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы, әрі нәзік лирик болған Қазтуған өз артына өмір туралы , ата мекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан талуан мазмұнды туындылардан құралған мол мұра қалдырады.Қазтуғанның біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік , өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Жыраулар поэзиясының дамып, өркендеуіне Доспамбет,Сыпыра,Шалкиіз,Жиембет,Марғасқа,Ақтамберді,Тәтіқара, Үмбетей,Бұқар өнернамалары айрықша әсер етті.

 Ауыз әдебиеті үлгілері қазақ халқының тарихи жадының негізі деп айтуға болады. Ендеше сол қазақ халқының эпостық жанры туралы әңгімелейік.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 180.5 Kb
Количество скачиваний: 41
Просмотров: 268

Похожие материалы