Ересектерге қазақ тілін оқытудың С1 – жоғары деңгейіне арналған жұмыс бағдарламасы.
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Садыкова Куралай Кауконевна
|
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері: Бағдарлама тіл үйренушінің ресми, ресми емес, тікелей және біреу арқылы қатынас жасау барысында жан-жақты меңгерілген тілдік қабілетін көрсете біліп, мақсатына, уақытына, міндетіне, сөйлесу орнына, әлеуметтік жағдайына байланысты дұрыс, еркін сөйлеп, жазу нормаларын сақтай отырып, тілдік байланысты орнатуды үйретуге негізделеді. Сондай-ақ тіл үйренушінің тілді ақпарат беру, бағалау мақсатында қолдана біліп, сөйлеу ережелерін сақтай отырып, жағдайға сәйкес сөйлесуді ұйымдастыра алу жағдыларын қалыптастырады. Тілдік қатысымға түсу барысында сөйлеуді тоқтату, сөйлеуді қолдау, әңгіме тақырыбын өзгерту, әңгімелесуді лайықты аяқтау, әңгімелесушінің ойын бөлу, түсіністік білдіру, ой тастау сияқта күрделі сөйлеу үлгілерін, сөйлеу этикетінің формаларын еркін пайдалануға үйретіп, тіл үйренушінің қарым-қатынас ортасына, әңгімелесушінің әлеуметтік жағдайына байланысты (әлеуметтік-тұрмыстық сала, мәдени-әлеуметтік орта, ресми-іскери сала, ғылыми-өндірістік сала) коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастырады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 131.5 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |