«Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран»<?xml:namespace prefix = o ns = "urn:schemas-microsoft-com:office:office" />

«Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр»,

деп Мұқағали жырлағандай бүгінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қанды қырғында былғары етігімен қан кешіп, жау әскерімен жан ұшыра шайқасқан майдангер қарттарымыздың саны күннен күнге азайып бара жатқаны өмірдің заңдылығы.Талай азаматтардың қыршынынан қиылып, ананы боздатып, бауырды жылатқан, әйелді жесір қалдырып, баланы жетімсіреткен сұм соғыс таңба болып тарихта қалды. Сол соғыста Отан үшін от кешкен жауынгерлердің ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран.

Қан майданда от пен оқтың ортасында жүріп, ел қорғаған азаматтарымыздың көзсіз ерлігін есте сақтап, құрметтеу- өскелең ұрпақтың парызы.Осы мақсатта Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы қазақ орта мектеп-гимназиясының оқушылары Балпық би ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері МАКСАЙ ВИТАЛИЙ АППОЛИНАРОВИЧ және КУЛИК АЛЕКСАНДР ГРИГОРЬЕВИЧпен кездесіп, сұхбаттасып қайтты.

«1925 жылы дүниеге келдім. 1943 жылы 23 ақпанда Кировск ауылынан әскерге шақырылдым. Үштөбеде қаласында іріктеуден өтіп, Белорусиядағы Гомельский жаяу әскер училищесіне түстім. Ол жерде бізді соғысқа дайындап, майданға жіберді. Мен 3- танк әскеріне алындым. Днепр өзенінің бойындағы шайқаста байланысшы болдым. Соғыс аяқталған соң , әскери қызметте болып, 1950 жылы ғана Отаныма оралады. Елге келгеннен кейін, қант зауытында көлік жүргізуші қызметін атқардым. Біз көрген қанды қырғынды сендер көрмеңдер, бейбіт заманда туған бақытты жастарсыңдар, сабақтарыңды жақсы оқыңдар»,-деп сөзін аяқтады М.В.Апполинарович.

А.Г.Кулик Талдықорған қаласының тұрғыны, Көксу станциясында дүниеге келген. 1942 жылы алғаш Омск қаласына әскерге шақырылды. Ол жерде 2 ай полковой мектепте оқып шығады. Кулик Александр Григорьевичке сол жерде сержант шенін берді. Омсктен кейін Новокузнецскіге аттанды. Москвада 863- атқыштар полкінде өз әскери борышын өтеді. Взвод басқарды. Алғашқы майданы –Прибалтийск өңірі.
1944 жылы ірі қақтығыс кезінде, граната жарылысынан ауыр жарақат алып, Москвадағы ауруханаға түсіп, емделіп, үйіне оралады. Қазіргі таңда 2 ұлы және қызы бар.
«Соғыс-бұл адамның қырылуы»,-дейді А.Г.Кулик. Қазіргі арманы
бейбітшілік пен тәуелсіздіктің мәңгі болуы.
«Соғыс - мені өмірде жігерлі болуға, адамшылдыққа үйретті!»-дейді АЛЕКСАНДР ГРИГОРЬЕВИЧ

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Мейірбекова

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 344.02 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 89

Похожие материалы