Здесь была ссылка на работу Ертегілер әлемінде « Үй жануарлардың таласы» автора Бегайдарова Назгуль Серикбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Қатынас» Кіші сала:мемлекеттік тіл Тақырыбы: Ертегілер әлемінде. «Үй жануарларының таласы» Мақсаты: Ертегіні тындап, сурет бойынша әңгімелей білуге, кейіпкерлердің сөздерін жатқа айта білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ тілін оқып-үйренуге қызығушылықтарын арттыру. Қызмет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Дәлелдеу -ояту Балаларды сабаққа дайындап, амандасып, отырғызу. Балалармен жылдың қай мезгілі екенің, аптаның қай күні екенің анықтап, балаларды әңгімеге тарту. Балалар амандасып, өз орындарына отырады. Мұғаліммен сөйлеседі. Ұйымдастыру-іздеу Дыбыстық жаттығу Мұғалім айтып, балалар дұрыс айта ма тексереді. Іңкәрді тындасақ –Бүгін мен сендерді ертегі тындауға шақырамын. Бұл ертегі тыңдауға шақырамын. Бұл ертегі «Үй жануарларының таласы» деп аталады. Бір күні сиыр, ат, ит үшеуі таласты. Сиыр айтты: «Қожайынымыз мені жақсы көреді. Етімді жейді, сүтімді ішеді, құрт, май, ірімшік, жасайды, терімді тон қылып киеді. Менің пайдап өте көп». Ат айтады: «Жоқ, қожайынымыз мені жақсы көреді. Менің етімнен қазы, қарта, шұжық жасайды. Сүтім –қымыз, бәйгеге қатысып жүлде әкелемін. Менің пайдам өте көп». Ит айтады: «Жоқ, қожайынымыз мені жақсы көреді. Мен үй күзетемін, қорадағы малға қасқырды жолатпаймын. Жеті қазынаның бірімін. Менің пайдам өте көп». Қожайын бұлардың таласын естіп: «Сендер босқа таластындар, маған бәрін де керексіңдер»-деді. Балалар қайталайды: йын-йын-йын-қожайын қо-қо-қо-қожа сы-сы-сы-жақсы ді-ді-ді-көреді ні-ні-ні-мені Балалар ертегіні тындайды. Рефлекстік-түзету Мұғалім сабақты қорытындылайды. Балалар сабақта не істегендерді айтады. Олар өздері ұнаған кезеңдері, не естеріне қалғандары туралы әңгіме қозғайды. Күтілетін нәтиже: Ұғынады: сурет бойынша әңгімелей білуге, Түсінеді: кейіпкерлердің сөздерін жатқа айта білуге үйрету, Қолданады: тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ тілін оқып-үйренуге қызығушылықтарын арттыру.